Алтай Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты

Алтай Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жоба өңірлердің ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, бүкіл ел көлемінде іске асатын болады. 2023 жылдан бастап «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» жүзеге асыру аясында барлық ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беріледі. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында жобаның орындалу барысымен танысты.

Жамбыл облысында пилоттық жоба басталғалы 20-дан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 2300-ге жуық жаңа жеке кәсіпкерлік іске қосылған. Бұл шаралар АӘК алушылардың санын қысқартып, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы аясында құрылған бірқатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін аралады.

Қордай ауданында кооператив басшысы Т. Сәрсембаев «ECO Chicken» құс фермасын кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Мәселен, жақын арада жалпы қуаты 520 тонна құс етін құрайтын 8 модульдік құс фабрикасын, 2025 жылға дейін тағы 100 модульдік құс фабрикасын орнату жоспарлануда. Кәсіпорын тәжірибесімен бөлісе отырып, басқа кооперативтерге өз ісін ашуға және жұмыс орындарын құруға көмектеспек.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Меркі ауданы, Сұрат ауылында ашылған «Даму Сурат» ауыл шаруашылығы кооперативінде де болды. Кооператив ауылдықтарға егістік пен үй іргесіндегі жерлерді игеру, өнім өткізу бойынша қызмет көрсетеді. 2019 жылы кооператив 22 бірлік техниканы лизингке алған.

«Сатымбаев» ЖК басшысы жобаның бірінші бағыты аясында 5 соттық жерге жылыжай салып, жылына 12,5 тонна қияр жинауда. Сондай-ақ, консерві цехын іске қосқан.

Алтай Көлгінов облыстың Байзақ ауданындағы бірқатар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің де жұмысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаны іске асырудың маңыздылығына тоқталып, оның, ең алдымен, халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталғанын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарының табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, жергілікті жерлерде жұмыс орындарын құру, өз өнімдерін шығару. Мұнда ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба сапалы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында іске қосылған жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Енді осы тәжірибе бүкіл ел көлемінде таратылатын болады. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Өз кәсібін ашқысы келетіндер осы бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалана алады. Олар өз кәсібін аша отырып, басқа да ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құратын болады, - деді вице-премьер Алтай Көлгінов.

Жамбыл облысы әкімдігі
23.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9164
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769