АЛТАЙДА АШЫЛМАҒАН ҚҰПИЯ КӨП

АЛТАЙДА АШЫЛМАҒАН ҚҰПИЯ КӨП

10 қыркүйек күні Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде VIII кезекті «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. 2011 жылдан бастап тұрақты түрде Шығыс Қазақстанда өтіп келе жатқан бұл конференция қазірге дейін Алтайдың қойнауларынан табылған аса құнды археологиялық мұраларды әлемге паш етіп келе жатыр. V кезекті дүниежүзілік көшпенділер ойындарының елордамызда өтуіне орай дәстүрлі конференция алғаш рет Астана қаласында ашылды. Маңызды жиналысқа Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Германия мемлекетінің ғалымдары, көрнекті түркітанушылар мен танымал ғылыми институттардың өкілдері, мәдениет және тарих саласының мамандары қатысты. «Конференцияның мақсаты – әлемдегі ғылыми қауымдастықты аймақтың археологиялық әлеуетімен таныстыру», – дейді шараны ұйымдастырушылар. 

Конференцияда сөз алған ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев Алтайдың құпияға толы алқабында қажырлы еңбек етіп, үлкен жаңалықтар ашып жатқан археолог ғалымдарға алғысын айтты. – Бұл конференция 2011 жылдан бері Шығыс Қазақстанда өткізіліп келеді. Биыл Ұлы көшпенділер ойындарына орай арнайы Астана қаласында өткізіп отырмыз. Кеше ғана осы ойындардың ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көшпенділер өркениеті туралы өте жақсы ойларын айтты. Көшпенділер 5 мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Салт аттылар мәдениетін қалыптастырды. Қуатты қару-жарақ пен зергерлік бұйымдарды жасап шығарды. Сақ дәуіріне тиесілі Алтын адам соның айқын мысалы. Соның ішінде біздің Алтай өңіріндегі берел қорғандарынан табылған, зерттелген барлық дүниелер осыған дәлел деп білеміз. Алтайдың маңайы әліге дейін толық зерттеліп болған жоқ. Алтайдың бай тарихы бар. Осыны ескере отырып, 2016 жылы облыс әкімдігі археология саласын ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасын қабылдады. Оған 1 млрд 600 млн теңгедей көлемінде қаражат бөлінген. Осындай қолдаудың нәтижесінде, бағдарлама аясында Қазақстанның жетекші археологтары көптеген жаңалықтар ашты. Біз тағы да осы мүмкіндікті пайдаланып, профессор Зейнолла Самашев мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Үлкен еңбек жасалды, археологиялық зерттеулер жүргізді. Бұл кісілердің тапқан, зерттеген дүниелерінің көбі осы Ұлттық музейде сақтаулы тұр. Біз осындай ғалымдарымызбен мақтанамыз, – деді Ербол Нұрғалиев. Конференцияны атақты археолог Зейнолла Самашев басқарып ашып, жаңадан табылған, зерттеп жатқан жұмыстары туралы кеңінен тоқталып өтті. «Қазақстан археологиясы соңғы 5-10 жылда қарқынды түрде дамып келе жатыр. Дамып келе жатқан бағыт – пәнаралық зерттеу. Соның ішінде палеогенетикалық зерттеулер. Біздің археология жалпы тарихқа ерекше үлкен үлесін қосып, жаңа бір сатыға көтерді. Археологиялық деңгейде бізде зерттеулер дамып жатыр», – деді Зейнолла Самашев. Конференцияға алыс-жақын шетелдерден келген ғалымдар мен тарихшылар Қазақстандағы Алтай тауларынан табылған құнды мұралардың, адамзат тарихы үшін, түркі халықтары тарихы үшін баға жетпес заттық айғақтар екендігіне тоқталып, Қазақстан археологиясындағы жаңалықтарға жоғары баға берді.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
12.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372