Ана мен бала денсаулығының сақшылары

Ана мен бала денсаулығының сақшылары
 

ГИППОКРАТ АНТЫНА АДАЛ ЖАНДАР

Өмір атты кеменің адамзат үшін соңғы аялдайтын аялдамасы Алла тағалаға ғана аян екені белгілі. Шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап, жер қойнауына тапсырылғанға дейінгі аралық тағдыр атты ақиқаттың парағында айна-қатесіз о баста жазылған. Ал Алладан кейінгі өмір мен өлімнің арашасына айналған ақ халатты абзал жандар қашанда бүткүл қоғамда қадірлі, қасиетті мамандық екеніне ешкім дау келтіре алмас.
Бүгінде мамандығына адалдық танытқан дәрігерлер ауданымызда жетерлік. Соның бірі – аудандық орталық ауруханасының гинекологы, 25 жыл еңбек өтілі бар Айша Байділдаева мен 40 жылын осы салаға арнаған акушер Балжан Алашбаева өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарап, алғыстың бесігінде тербеліп жүр.
Әр келушіге айқара есігі, жайдарлы көңілі, құнды кеңесін беріп жүрген денсаулық сақшыларының қатарында ана мен бала денсаулығын қорғауға білек-сыбана кіріскен Айнаш Шаханбаева, Шаризат Іргебаева, Назгүл Жаңабілова, Алина Тайлыбаева дәне басқа да ақ халаттылардың есімі атап өтпеу мүмкін емес. Білікті дәрігерлер жүктілік кезеңнен бастап, босанғанға дейінгі ананың күтімін, мұнан соң бала денсаулығын ұдайы назарында ұстайды.
Жалпы, аудан бойынша туу жасындағы әйелдер саны 14804, 2021 жылы 1487 азаматша болған. Өткен жылдың қорытындысымен 1760 нәресте дүниеге есігін ашқан. Міне шағалақтың өмірге келуіне, оның денсаулығына арқашан дәрігерлер жауапты екенін ескерсек, білікті дәрігерлер қашанда бақыт шамын жағуға үлескер болып жүр.
Ана мен бала денсаулығына жауапты жандар туралы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сәуле Конкашева:
Аудандық орталық ауруханасында Гиппократ антына адал жандар жетерлік. Біз әрқашан әріптестеріміздің еңбегімен мақтанамыз. Ал ана мен бала денсаулығына жауапты ақ халаттылардың еңбегі ерен. Әр ананың, әр баланың денсаулығын жекелей бақылауда ұстап, ақыл-кеңесін беріп жүрген жандар қашанда құрмет төрінде бола бермек. Қазақтың әр шаңырағында жыл сайын баланың шыр еткен дауысы естіле берсін, – дейді ол өз сөзінде.

Жамбыл аудандық орталық ауруханасы
25.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 496
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 454

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758