АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ
Ана - қолындағы сәбиімен сұлу, алдындағы бесігімен әсем бола білген аяулы жан.
Халқымыз қашан да ананы ардақтап, әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі деп бағалаған.
Елімізде алтын құрсақ аналар жолын жалғастырушы жас аналарға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл өткен сайын ана мен балаға деген қамқорлықтардың көлемі артуда.
Бүгін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Сәкен Мамытов көп балалы аналарды қабылдап, салтанатты жағдайда «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгілерімен марапаттады.
Отбасында бала тәрбиелеп, әр салада тыңбай еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосқан аналар еңбегі әрқайсымыз үшін үлгі-өнеге екендігін айтып, мәртебелі дәрежелерімен құттықтады.
Өз кезегінде марапат иелері де көп балалы аналарға қолдау білдіріп, қамқорлық танытып отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, аудан басшылығына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда ауданымызда 134 «Батыр» ана, 687 «Алтын алқа» және 963 ана «Күміс алқа» иегерлері бар.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
07.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 189
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 698
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 821
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 734

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496