«Аңсаған сәби»: Өңірге 231 квота бөлінді

«Аңсаған сәби»: Өңірге 231 квота бөлінді

«Биыл алты айда атыраулық 124 жұп ЭКО-ға жолдама алды», – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында белгілі болды. Сондай-ақ, жиында басқарма басшысының орынбасары Альмира Сабырғалиева жыл басынан бері ана өлімі тіркелмегенін айтты. – Оған қоса, нәресте өлімі де төмендеп келеді. Аймақта табиғи өсім тұрақты. Жүкті әйелдерге амбулаториялық деңгей қызметі мен жалпы скрининг уақытылы көрсетілуде, – деді ол. Алайда өңірде медициналық-санитариялық көмек беру бағытындағы проблемалар әлі де өзектілігін жоймаған. – Өкінішке орай, тиісті медициналық жәрдем беру бойынша шағым көп. Оның ішінде, тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесіне енбеген дәрілерді сұрау бойынша 722 шағым түскен. Әйтсе де, кадр тапшылығын болдырмау және мамандардың біліктілігін арттыру, скринингтік зерттеулер мен профилактикалық тексерістердің қамтылу деңгейінің төмендігі, дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша бірқатар жұмыс атқарылуда, – деді басқарма басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова. Жиын соңында алқа төрағасы Жасұлан Бисембиев тасқын кезінде бірлесе жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне облыс әкімі атынан алғыс білдіріп, жартыжылдық жұмыс қорытындысына оң баға берді. Сонымен қатар, жаңадан салу жоспарланған медициналық нысандардың жобасын жасауды тапсырды.

Ғ.НҰРБОЛАТОВ
08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 47
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 137
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 120
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 532
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 501
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 522
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 519
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 513
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 530
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9765
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12373
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11351