АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ - ҚАСІРЕТТІҢ ЖОЛЫН ЖАБУ

АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ - ҚАСІРЕТТІҢ ЖОЛЫН ЖАБУ

Биылғы 21 қазан күні Премьер-министр тілсіз жаудың бірі өрттің алдын алу үшін төтенше жағдай министррлігіне бірқатар тапсырма берді. Бұл биылғы жылдың қорытындысы іспетті. Себебі бұған дейін де түрлі апаттардың алдын алу үшін үлкен жұмыстар істелгені белгілі.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сүйенсек, осы жылдың 9 айының нәтижесі бойынша 3877 авариялық-құтқару оқиғасы және авариялық-құтқару жұмысына шығу тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9,6 пайызға аз. Міне, осы тіркелген жағдайлардың барысында 194 адам құтқарылып, 258 адам эва­куацияланған, бір қуанарлығы, авариялық-құтқару жұмысы барысында ауыр зардап шеккендер тіркелмеген. Ал техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша 517 оқиға тіркеліп, 39 адам зардап шегіп, 16 адам қайтыс болған. Табиғи төтенше жағдайлар бойынша тіркелген 6 оқиғадан 23 адам зардап шегіп, 4 адам қаза болған. Жылу беру кезеңіне де төтенше жағдай қызметкерлері салғырт қарап отырған жоқ.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында бір айдың ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары тұратын үйлердің тізімін нақтылауды тапсырды. Өткен жылыту маусымында өрттен қаза тапқандардың дені зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар екен. Тағы бір мәселе – ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мен оларды таңбалау жұмысы. Елде газ баллондар өндіру және тозығы жеткендерін жою мәселесі әлі шешілмеген күйінде қалып отыр. Биыл төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт орнынан шамамен мың жарым газ баллонын шығарып, апаттың алдын алды. Ал Үкімет басшысы әлеуметтік тұрғыда осал топтардың баспанасын ерекше бақылауға алуды қатаң тапсырды.

Премьер-министрі Олжас Бектенов былай деді: “Өңір әкімдіктеріне Төтенше жағдайлар министрлігімен және Еңбек министрлігімен бірлесіп, бір ай ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлердің тізімін нақтылауды тапсырамын. Өңір әкімдіктері осы санаттағы адамдардың үйлерін ерекше бақылауда ұстап, оларға қажетті қолдау көрсетсін”.

Үкімет басшысының осы тапсырмасынан-ақ елімізде апаттық жағдайлардың орын алмауына барлық жағдай жасалып жатқанын білуге болады. Cондай-ақ болашақты ойлау да керек.

Еліміздегі болашақ құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы болып табылады. 100 курсант, Қырғызстаннан келген 5 курсант және 28 магистрант қашықтықтан оқытуға, 9 магистрант күндізгі оқытуға қабылданды. Биылдан бастап магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Беларусь және Ресей ТЖМ ведомстволық оқу орындарына оқуға 20 адам жіберілді. 137 курсант күндізгі оқу факультетін бітірді. 20 курсант шетелдік бейінді жоғары оқу орындарын бітірді. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру білім беру бағдарламалары бойынша азаматтық қорғау органдары мен басқа да ұйымдардың 3709 қызметкері оқытылды.

Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2024 жылы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ТЖМ ондаған жылдар бойы қолданыста болған заңға алғаш рет  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу арқылы азаматтық қорғау саласындағы нормаларды жетілдіру бөлігінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасады. Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралуда, жұмыс топтарының 17 отырысы өткізілді. Заң жобасымен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мен басқа да мәселелер бойынша азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды іске асыру ұсынылады.

  Елімізде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Алматы қаласында Беларусь, Қазақстан және Ресей Төтенше ведомстволарының бірлескен алқасының отырысы өтті. Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан  «Жартасты қала–Астана» базалық полигонында Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің – Беларусь Республикасының, Қазақстан Қырғызстан, Тәжікстан мен Ресей Федерациясы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдарының құтқару бөлімшелерінің қатысуымен «Скала-2024» бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бесінші отырысы өтті. Сонымен қатар осы полигонда Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін ТЖ-да ұшқышсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг сияқты іс-шара өтті. Тренингке Қазақстан Республикасы ТЖМ, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Тәжікстан Республикасы ТЖК және Өзбекстан Республикасы ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 24 операторы қатысуда. Соңғы 5 жылда ТЖМ ұшқышсыз аппараттар паркі 6 еседен астам ұлғайғанын және осыған байланысты дрондарды басқару бойынша мамандарды даярлау қажеттілігі артып келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылы  елімізде Алматы қаласында Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехияның ең мықты спортшыларының қатысуымен өткен ұлдар мен жасөспірім ұлдар, қыздар мен жасөспірім қыздар арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты жарияланды. Бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері қатысты.

  ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен министрлік базасында «Batyr team» спорт клубы ашылды, оның құрамына жүлдегерлер мен әлем чемпиондары, сондай-ақ балалар клубы кірді. Бұл ТЖМ имиджін нығайту, қызметкерлерді кәсіби және спорттық қызметте ілгерілету, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарында спортты дамыту үшін маңызды қадам болды.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

22.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 590
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 759

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34463
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36841