АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «2024 жылғы 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облыстық және аудандық хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рысдәулет баяндама жасады.
Облыс әкімінің төрағалымен өткен кеңестердің хаттамасы уақтылы алынып, орындалуы жүйелі бақылауға қойылған.
Облыс әкімінің төрағалығымен 2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін ауданға қатысты барлығы 53 хаттамалық тапсырма берілген. Осы 53 хаттамалық тапсырманың ішінде 18 тапсырма орындалып, бақылаудан алуға ұсынылды. 24 тапсырма тұрақты бақылауға алынған. Және 10 тапсырманың орындалу мерзімі жетпеген, яғни бүгінгі күнге орындалу үстінде.
Аудан әкімінің төрағалығымен 2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 11 аппараттық кеңес өткізіліп, барлығы 187 хаттамалық тапсырма берілген. Осы 187 хаттамалық тапсырманың ішінде 97 орындалып, бақылаудан алынды. 19 тапсырма мерзімінде және тиісті деңгейде орындалмаған, 59 тапсырма тұрақты және 12 тапсырманың орындалу мерзімі жетпеген.
Күн тәртібіндегі екінші " Ауылдық округ әкімдерінің " Электронды шаруашылық бойынша есепке алу жүйесін" жүргізу туралы мәселе қаралды.
Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Молдабеков хабарлама жасады.
Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №18-ө өкіміне сәйкес, облыс бойынша ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия құрамы және ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жалпы ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызымен 20 қазан аралығында жүргізіледі. Сарысу ауданы әкімінің 18 наурыздағы №26-ө өкімімен аудандық комиссия құрамы және іс-шаралар жоспары бекітілді. Аудандық комиссия құрамы 25 азаматтан құралды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жаңатас қаласы Барлық округ бойынша комиссия құрамына 71 азамат енді. 2024 жылдың ІІІ-тоқсанында облыс бойынша алдын ала пилоттық негізде ауыл шаруашылығы санағы жүргізу жоспарланған. Округтік деңгейде құрылған комиссия, облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Ғалымұлының тапсырмасына сәйкес әр аула бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы сәуір айында нақты мал басының ақпаратын ұсынуы тиіс.
Аудандық комиссия құрамының мүшелері сәуір айынан бастап ауылдық округтердегі зерделеу жұмыстарының барысымен танысып, жұмыстарға қатысатын болады.
Бүгінгі таңда, ИСЖ базасында ауылдық округтерде 27 424 бас МІҚ, 209 603 бас уақ мал, 9135 бас жылқы және 2659 бас түйе малы тіркелген деп көрсетілген. Осы ИСЖ базасында және электронды шаруашылық кітапшаларындағы ақпаратты зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған нақты қолда бар мал басы санымен өзгертіп, сырғаланбаған мал басы анықталған жағдайда, сырғалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруымыз қажет.
Сондай-ақ, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды.
«Жаңатас қаласы тұрғындарының қоқыс шығару қызметі үшін қордаланған қарыздарды өндіру мәселесі туралы» «Сәулет» ЖК директорының орынбасары Е. Бейсенбеков және "Елді мекендерде қаңғыбас ит-мысықтарды аулау, уақытша ұстау жұмыстарының жүргізілу барысы туралы" аудандық ветеринариялық станцияның директоры А. Оспанов баяндады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді, жүйелі жұмыс жүргізіуді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
02.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8871
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8266
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11494
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9250
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10477