Ардагерлер Астанадан марапатпен оралды

Ардагерлер Астанадан марапатпен оралды

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жасап жатқан жақсылықтарының арқасында Үкіметіміздің шақыруымен облыс бойынша әр ауданнан бір-бір ретро жастары 85-95 аралығындағы тыл, ауған соғысы ардагерлері мен қоғамдағы біраз белсенді ардагерлер іріктеліп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерейтойының аясында болатын 2025 жылдың 7 мамыры Республика «Отан қорғаушылар күнінде» өтетін арнайы шеруге қатысу үшін Астана қаласына жіберілді. Олар төмендегі делегаттардан құралды. Бірінші тыл еңбеккерлері:

Жамбыл ауданынан 90 жастағы Балқыбеков Ахатай Нақыпбайұлы,  Талас ауданынан 92 жастағы Алтыбаев Үйсінбай, Сарысу ауданынан 91 жастағы Иманбеков Сәтбек Арынбекұлы, Жуалы ауданынан 90 жастағы Ходкевич Лидия Захаровна, Байзақ ауданынан 93 жастағы Мамытбеков Махан Құрашұлы, Т.Рысқұлов ауданынан 88 жастағы Шәділбеков Райзо Байдалыұлы, Меркі ауданынан 89 жастағы Найзабеков Мырзахан, Қордай ауданынан 87 жастағы Шонатаев Тұрғынбай,  Шу мен Мойынқұм аудандарының ардагерлері денсаулықтарына байланысты келе алмай қалды. Тараз қаласы:  Әулиеата ауданынан қоғамдық пікір көшбасшысы 92 жастағы Гончарова Наталья Петровна және Жібек Жолы ауданынан Ленинград блокадасынан аман қалған 85 жастағы Шмид Виктор Христианович. Екінші қоғамда жүрген Отандық «Қарулы күштер» бірлестігінің ардагерлері мен жастары: Тараз қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Сейдазимов Сембек Әбетайұлы, қалалық №5 емхананың тәжірибелі дәрігері Қалданов Нұрсұлтан Әбдімомынұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Тұрсынбек Бақкелді Ғабдоллаұлы, облыс әкімінің аппаратының өңірлік бақылау бөлімінің бас инспекторы Бержанов Кете-Төлеби Досымжанұлы, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат, жастар ісі бөлімі жөніндегі маманы Қиябай Жалғас Әміржанұлы, «Қарулы Күштер ардагерлері» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасы Тартыков Рамиль Нәбиұлы және оның орынбасары Тортбаев Марат Әсілбекұлы, Тәжік-Ауған шекарасындағы Жамбыл облыстық қоғамдық ардагерлер бірлестігінің төрағасы Абеков Гайни Сәдуұлы, Полковник интернационалист жауынгер Садықов Ержан Бекайдарұлы, тыл еңбеккерінің күтушісі, зейнеткер Наурызбаева Гүльнар Құлманқызы. Осы азаматтарды 4 мамыр күні сағат 18:30-да Астана қаласына баратын жүрдек «Тальго» пойызына салу үшін Тараз қаласындағы шойын жол бекетіне жинады. Бұл іс-шараға ауданымыздың әкімі Есіркепов Ернар Серікәліұлының нақты тапсырмасының арқасында тыл ардагері мені жедел Құлан ауылынан Тараз қаласына жиналғандарға апарып жеткізді. Өңір басшысы Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлының ұқыпты ойластырып ұйымдастыруымен басқарып баратын азаматты бекітіп, сол жиналған ардагерлерді Астана қаласына жеткізіп, әскери шеруге қатыстырып, қайта алып келу жұмыстары өз әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Тұрсынбек Ғабдоллаұлы Бақкелді мырзаға тапсырды. Ол өзі бір кішіпейілді, мейірімді, адамгершілігі мол азамат болып шықты. Кешкісін ардагерлер пойызға отырғызылып, орындарына жайғастырылды. Әкімшілік қауымы құрметпен шығарып салды. 5 мамыр күні пойыз Астана қаласына келіп жетті. Орталығымыз жылы лебізбен қарсы алды, сол жерден автобусқа отырғызылып, бесжұлдызды «Alanda-Hotel» қонақүйіне орналастырды. Әкімшілік жағынан тыл ардагерлеріне көрсетілген құрмет-қошемет, күтім өте жоғарғы деңгейде болды, әрбір қарттың жүріп тұруына көмектесу жағы да ескерілді. Туған құдаңнан да артық сый-құрмет көрсетті. 

6 мамыр күні ардагерлер қала аралады. «Бәйтерек» мұнарасына шығып, қолтаңбаларын қалдырды, Республикалық орталық мешітке барып құран бағыштап дұға жасалды. Қаланың жақсы жерлерімен таныстық, қарттар бір марқайып қалды. 

7 мамыр күні әскери шеруге қатысып, Президентіміздің құттықтау сөздерін естідік. Тыл ардагерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальмен марапатталды. Шеру  кезінде жаңа әскери техниканың жетістіктерін өз көзімізбен көрдік. Таңғаларлық әсер қалдырды. 

7 мамыр күні кешкісін пойызға отырып, 8-і күні ауылымызға келдік. 9 мамыр күні Есіркепов Ернар Серікәліұлы мен Мәслихат хатшысы Әбуталипов Ербол Абақұлы үйге келіп, медальді көкірегіме тақты, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы батасын берді. Президентіміздің халыққа жасап жатқан жақсылығына, облыс басшысының қамқорлығына, аудан әкімінің адал еңбектеріне рақмет айтып, ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз еленіп, биіктен көріне беріңіздер. Жер бетінде тыныштық, бейбітшілік заман болсын! Ұлы дала жерінде қазақ елі мәңгілік аман болсын!

Райзо ШӘДІЛБЕКОВ,

Тыл ардагері, 

Т.Рысқұлов ауданының 

Құрметті азаматы, 

Жамбыл облысы

 

04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17686
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32717
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31290
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34960