Ардагерлер – құрмет пен сыйға лайық жандар

Ардагерлер – құрмет пен сыйға лайық жандар

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелерінде өртке қарсы қызмет ардагерлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Олар кез-келген мерекелерде назардан тыс қалған емес.
 
 Сондай-ақ олар Өрт сөндіру қызметінде өткізілетін түрлі іс-шараларда құрметті қонақ ретінде қатысуда. Мысалы, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №7 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртке қарсы қызмет ардагері Тұрғын Жұмағұлұлы Көпжасаровтың үйіне арнайы барып, айтулы мерекемен құттықтады.Тұрғын Жұмағұлұлы көп жылдар бойы жоғарыда аталған бөлімнің бастығы қызметін атқарды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері осылайша ардагерді Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтап, барлық жақсылықты тіледі.
Осыған орай, біз де өз тарапымыздан барша ардагерлерге Сіздердің сала үшін және қызметтің, елдің одан әрі өрістеуі үшін атқарған еңбектеріңіз сын сағатта тәуекелділікті қажет етсе де, сіздер одан бас тартпай, қайсарлықпен алға қойған міндеттерді өз деңгейінде орындап шықтыңыздар. Батылдық пен батырлық, кез – келген жағдайда тілсіз жаумен күресуге дайын болу, адам өмірін құтқару, әрқашан өрт сөндірушілердің басты міндеттерінің бірі де бірегейі болып табылады. Құрметті ардагерлер, Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға мәнді, мағыналы ғұмыр тілейміз дегіміз келеді.
 
 
Жамбыл облысы
26.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5522
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20491
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19120
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22582