Белсенді ұзақ өмір орталығының да болып, ардагерлердің ұсыныс-пікірін, қызмет түрлерінің сапасын көріп қайттым.
Жалпы, бұл орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарт адамдарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасау арқылы денсаулығын қолдау, көңіл-күйін көтеру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Нысан 150 орынға шақталған, дегенмен ашылғанына көп болмасада кезекте 300-ге жуық азаматтарымыз тұр. Бұл – орталыққа келушілердің қатары көп екенін әрі тиімді екенін көрсетеді. Сонымен қатар, мұнда денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық тренинг, дәрігердің кеңесі, физиотерапия, массаж, тұзды шахта, нуга бест, фито бар және басқада мүмкіндіктер қарастырылған. Орталықта тренажер залы, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд залы және ұлттық би, вальс, хор, вокал, сәндік-қолданбалы өнері, емдік денешынықтыру, тіл үйрену үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен бірге, тиісті мекемелермен байланыс жасау арқылы мәдени іс-шаралар (кино, театр, серуен) ұйымдастыру, бассейнге бару мүмкіндіктері жасалынуда Осы қамқорлықтар мен мүмкіндіктер барлық деңгейдегі зейнет жасындағы кісілерге ақысыз, тегін көрсетіліп отыр.Ардагерлердің бірқатар ұсынысын назарға алдым. Орталыққа қоғамдық көліктің арнайы бағытын қарастыру, кезектіліктің ұлғаюуына орай орталықтағы орын санын арттыру, қаланың шеткері аймақтарынан келетін қариялар осындай орталықтар тағы салу бойынша талап-тілегін жеткізді.
Тұрғындар өтініші бойынша жұмыстар жүргізіп, оң шешім шығаруға кірісетін боламыз.