Жамбыл облысында білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобус пайдалануға берілді.
Балалар игілігіне беріліп жатқан жаңа автобустардың кілтін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының білім бөлімі мен аймақтағы алты аудан, дәлірек айтқанда, Шу, Жамбыл, Жуалы, Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарының білім бөлімдеріне көлік кілттерін өзі табыстады.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында Жамбыл ауданы бойынша тиісті мектептері жоқ 10 ауылдық округтен (21 елді мекен) 13 мектепке 1798 оқушы 21 автобуспен тасымалданады. Ал, 38 орындық су жаңа көлік Аса ауылындағы нөмері 1-ші мен Айшабибі ауылындағы нөмері 7- ші мектепке берілмек.