«Асар» жобасымен облыста 294 баспана берілген

«Асар» жобасымен облыста 294 баспана берілген

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде «Асар» жобасы мен пайдаланусыз жатқан жайылымдардың қайтарылу барысы қаралды.

«Асар» жобасы қолға алынғалы бері облысымызда көпбалалы, аз қамтылған және баспанасыз жүрген жүздеген отбасы баспаналы болған. Атап айтсақ, 2020 жылы – 99, ал өткен жылы – 134 баспана демеушілердің күшімен салынып, 233 мұқтаж жан жеке баспанаға қол жеткізген.

– «Асар» жобасы қолға алынған үш жыл көлемінде үш жүзге тарта отбасы баспаналы болыпты. Бұл дегенің, екі ауыл. Ең алдымен, бұл игі істің әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға қол ұшын созу арқылы тек қана материалдық бөлігі емес, маңызы терең, «рухани» мағынасы бар жоба екенін көрсетті. Түпкі мақсаты – қоғамды жанашырлық пен бірлікке жұмылдырып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету, – деді Нұржан Нұржігітов.

Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, биыл жоба аясында 121 үй беру жоспарланса, бүгінге дейін оның 68-і пайдалануға тапсырылған. Сөйтіп, үш жылда баспаналы болғандар 294-ке жетіп отыр. Қалған үйлер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл жоспарланған 16 үйдің құрылысы аяқталмай қалу қаупі бар.

Облыс әкімі бұл іске сылбыр қараған аудан әкімдерін сынға алды.

– Осы жоба арқылы қаншама мұқтаж отбасы қамқорлыққа бөленіп, баспаналы болуда. Дегенмен жыл басында өздеріңіз берген жоспарды өздеріңіз орындай алмай отырғандарыңыз – бұл бағытта үйлестіру шараларының жоқтығын көрсетеді. Басқарма тарапынан күнделікті бақылау байқалмайды. Әсіресе Тараз қаласында үйге мұқтаж қаншама отбасы бар. Солардың мәселесін мемлекеттік бағдарламалардан бөлек осындай игі жобалар арқылы да шешуге мүмкіндік бар. Тек тиімді ұйымдастыра білу қажет, – деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан кейін кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша пайдаланусыз жатқан жайылымды жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының барысы қаралды.

Бұл бойынша облыс әкімдігі тарапынан облыстық прокуратурамен бірлесіп елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде 683 мың гектар жайылым жер жетіспейтіндігі анықталған. Мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде десек, ол туралы жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов баяндады.

Нұржан Нұржігітов басқарма басшысының баяндамасына көңілі толмайтынын айтып, нәтиженің жоқтығын, талдау-есептің дұрыс жүргізілмей отырғандығын, салалық министрлікпен тығыз қарым-қатынастың орнатылмағандығын баса айтты.

– Тиісті басқарма тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесі көрінбейді. Екі жылда атқарылатын шараларды өзіміз созып отырмыз. Игерілмеген жердің есебін қайта нақтылау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігімен тығыз байланыста жұмыс жүргізу маңызды.

Аудан әкімдері бұл мәселені көтергенде ғана қимылдай бастайды. Сосын олар өздері білмесе де, орынбасарларының жазып берген қате ақпаратын оқып беруге тырысады. Соның салдарынан мәліметтер сәйкес келмей жатады. Жұмысқа деген мұндай көзқарастан арылу керек. Күнделікті жұмыс барысын басқарма тұрақты бақылауда ұстауы қажет, – деді Нұржан Нұржігітов. Сөйтіп аймақ басшысы басқарма мен аудан әкімдерінің бұл бағыттағы жұмыстарын қатаң сынға алды.

Жұмысқа тиісінше көңіл бөлмеген бірқатар аудан әкімдерінің орынбасарларына тәртіптік шара қолданылатын болды. Айта кетейік, осы тұрғыда бұған дейін жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жер қатынастары басқармасының басшысына да тәртіптік шара қолданған.

Нұржан Нұржігітов жиын қорытындысымен жауаптыларға нақты міндеттер жүктеп, орынбасары Қанатбек Мәдібекке оны бақылауда ұстауды тапсырды.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстар жүйеленбеген жағдайда алдағы уақытта бұдан да қатаң шаралар қолданатынын жеткізді.

Марат ҚҰЛИБАЕВ
11.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779