Асқар Ақаевтың дәрісі кімге керек?

Асқар Ақаевтың дәрісі кімге керек?

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Асқар Ақаевтың көшбасшылық жөнінде дәрісі өтті.

Дәрісте Қырғызстаннан келген делегация мен қазақстандық ғалымдар бой көрсетті. Ақаевпен бірге Олжас Сүлейменов келді. Бір қызығы, қырғыздың әнұранын емес, қазақтың «Сағынғанда бір келерсің» әнін қырғызша шырқап қарсы алды. Дәрістің ашылу салтанатында оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев: «Аса құрметті Асқар, кош келиңиздер!» – деп, сөзін қырғызша бастады. Біздің мемлекетімізге келіп, дәріс оқыған үшінші президент екенін айтып сөзін жалғастырды

 Экс-президент өз сөзін: «Қазақстан тамаша! Нано технологияның нағыз отаны болатын мемлекет», – деп дәріптеумен бастады. Ақаев дәрісінде нано технологияның дамуы жайлы, жер ғаламшарына төніп тұрған атмосфералық қауіп, ауаның ластануы, адамзаттың дәрменсіз болып қалатынын сөз етті. Ғұламалар Х.фон Ферстер, П. Мора, Л. Амиот жасаған тұжырымдарды мысалға келтірді. Жерде болатын өркениеттің тоқырауын 3 сатыға жеке бөліп, талдап көрсетті.

Дәріс шамамен бір сағатқа созылды. Олжас Сүлейменов дәріс соңында сөз алып: «Бұл – таптырмас жоба, жастар үшін жақсы ақпарат болды», – деді.

Дәрістен кейін ғалымдар арасында жақсы да нақты сұрақтар легі болды. Соның бірі: «Неге осы дәрісті іс жүзінде Қырғызстанда жүзеге асырмайсыз? Еліңізге оралсаңыз, мына жобаңыз сәтті болар ма еді?» деген сұраққа бұрынғы ел басшысы «ну, жаль...» дегеннен артық мардымды жауап айта алмады

Бұрынғы президент еліне қайта оралуға қарсы еместігін, өз еліне барып дәріс оқуға ниетті екенін де жеткізді. Саяси тұрғыда сұрақ қоюға мүмкіндік берілмеді. Өткір сұрақпен тап берген «Азаттық» тілшісінің сұрағына Ақаев жарытып жауап бере алмады. Осындай сұрақтар легі болғанын қалаған БАҚ өкілдеріне оқу орнының басшылығы мүмкіндік бермеді.

Дәріс соңында өз кезегімен докторанттарды салтанатты түрде құттықтау рәсімі де өтті. Екі ел достастығына тілеулес болып келген делегацияға да ерекше алғыс білдірілді. Асқар Ақаевтың үстіне шапан жауып, қаумалаған халық суретке түсуге асықты. 

Айсәуле КЕНГАШОВА
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678