Астанада «Мектепке жол» акциясы аясында 200-ден астам балаға оқу құралдары таратылды

Астанада «Мектепке жол» акциясы аясында 200-ден астам балаға оқу құралдары таратылды

Елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Аналар кеңесінің, «Жомарт жан» орталығының қолдауымен өткен іс-шарада 200-ден астам балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.

Игі шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов қатысып, акцияға қолдау көрсеткен барлық жанашыр жандарға алғыс білдірді.

«Бүгін елорда тұрғындарымен бірге жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясының куәгері болып отырмыз. Бұл акция Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатыр. Балаларға мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтар беріледі. Осы орайда акцияға атсалып, көмек көрсеткен қалалық Қазақстан халық Ассамблеясына және демеушілерге алғысымды білдіремін», – деді басқарма басшысы.

Астана қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Әміржан Әлпейісов акцияның мақсатына тоқталып өтті.

«Бүгінгі акцияның мақсаты – оқушыларды мектепке қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға жаңа оқу жылы аясында әлеуметтік қолдау көрсету. Аталмыш акцияға елордалық ҚХА жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді», – деді Әміржан Әлпейісов.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында демеушілік қаражаты есебінен керек-жарақтары бар мектеп рюкзактары түрінде көмек көрсетіледі. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.

Бұл акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып саналады.

 

28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 32
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 110

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313