АСЫЛТҰҚЫМДЫ ҚОШҚАРЛАР КӨРМЕСІ

АСЫЛТҰҚЫМДЫ ҚОШҚАРЛАР КӨРМЕСІ

Арыс қаласында тұқымы сирек қошқарлардың облыстық көрме сайысы өтті. Қалалық Орталық Стадионда өткен шараға қой бағып, қошқар баптаған облыс көлемінен үміткерлер 200-ден аса қошқар әкеліп, өзара бақ сынасты. Көрмені арыстық кәсіпкер, Алмаз Шүкірбеков пен қаланың белсенді шаруа қожалықтары ұйымдастырды. 

Шараның ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, көрменің маңыздылығына тоқталды. Игі істі ұйымдастырушылар мен мал басын асылдандыру бағытында еңбек етіп жатқан шаруаларға сәттілік тілеп, шын ризашылығын білдірді. «Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда дәстүрлі сала – қой шаруашылығын өркендетудің маңызы ерекше. Ендеше, шаруаларымыздың ісі берекелі болсын», – деді шаһар басшысы. Көрмеге алыстан арнайы келген құрметті қонақтар, асылтұқымды қой өсіруші шопандар мен ірі шаруа қожалықтар қатысты. Құрметті қонақтар қатарында белгілі журналист, бүгінде асылтұқымды қошқарларды өсірумен айналысып жүрген Берік Сұлтан, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов та бар. Олар көрменің жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, мұндай көрмелер Шопан ата түлігін асылдандыруға серпін береді деген тілектестік білдірді. Мұнда құйрықты қылшық жүнді, қисары және арашан қой тұқымдары әкелінген. Бұл қошқарлар өзінің сұлулығымен ерекшеленеді. Айталық, қисары қойларының алқымы кең, арқасы тегіс, аяғы жуан. Қылшық жүні ажарларын аша түссе, дөң тұмсықтары айбат береді. Ал батпан деп бағаланған айыр құйрығы салмақтарына сән қосады. Көрме сайыстың ережесі бойынша қазылар алқасы қойлардың салмағы мен бойына және экстерьеріне қарай бағалады. Көрмеде екі тіс қошқардың салмағы 145, сақа қошқарлардың салмағы 200 келіге дейін жетті. Сайыс соңында екі тіс бойынша әрі ең жоғарғы салмақ көрсеткен, Берік Сұлтанның салмағы 144 келілік «Мүсін» қошқары дара шықты. Белгілі арыстық қойбегі Ақылбек Әлжанның «Гектар» атты қошқары 105,5 см бойды көрсетіп, биіктік бойынша чемпион атанды. Ал абсолютті салмақта Бақберген Әлжановтың «Куба» атты қошқары экстерьер бойынша үздік болды. Шымкенттен келген Бақтияр Балажанның әйгілі «Тұран» қошқары 195 келімен жеңімпаз болып танылды. Қазылар алқасының шешімімен салмағы, бойы және келбеті ескеріліп, үздік қошқар иелеріне Алғыс хаттар мен чемпиондық белбеу және кубоктар табысталды. Айта кетейік, бүгінгі таңда асылтұқымды қой өсіруші шаруалар әр басқа мемлекеттен субсидия ала алады. Оның ішінде асылтұқымды отандық қойларды сатып алғаны үшін 15 мың теңгеден, егер де шет мемлекеттерден сатып алған болса, аналық басына 30 мың теңге, қошқарларға 150 мың теңгеден субсидия бар. Асылтұқымды мал басына қатысты субсидия алу бойынша тұрғындар қалалық ауылшаруашылығы бөліміне жүгіне алады.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 58
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 46
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 137
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 120
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 532
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 501
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 522
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 519
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 513
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 530
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9764
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9137
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12372
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10140
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11350