Үстіміздегі жылдың 27-30 маусым аралығында Макаода (Қытай) ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өтіп жатыр.
![](../../storage/common/borE4anaosdM9xwb52Oe3sntwri6TzjI9w0GHsPT.jpg)
Жаһандық додада Қазақстан құрамасы сапында спорттық самбодан 65 келі салмақта ел намысын қорғаған жерлесіміз, Сарысу ауданы, Жайылма ауылының түлегі Асылжан Орынбасарова қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Азия чемпионы атанды.
![](../../storage/common/L4Myb7px0hStGx2oS2kx56RtDWWbtY6GYVghefbl.jpg)
Жерлесіміз бұған дейін жасөспірімдер арасында Азия және Әлем чемпионы атанған.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!