АТ ЖАРАТУ - АТА-БАБА АМАНАТЫ

АТ ЖАРАТУ - АТА-БАБА АМАНАТЫ

Қазақ жерінде жылқыны кие тұту, жүйрік ат баптау әуелден-ақ қалыптасқан. Өзіміз турасында: “жылқы мінезді халықпыз”, “тарихымыз да тұлпарлардың тұяғымен жазылған” дейміз. 

Қазақтың әлемдік өркениетке қосқан үлесі - алты мың жылдан астам бұрын жылқыны қолға үйреткені деп мақтандық. Сөйте тұра білгір отандасымыз, жылқы малына қатысты дүниені терең зерттеп жүрген Ахмет Тоқтабай сынды ғалымдарымыздың уәждерін ескере бермейміз, өзгенің айтқанына сеніп қалатындай дағды пайда болды. Әйтпесе, жылқы шаруашылығында, ат баптау ісінде қазақ халқының тәжірибесі мол, тәлімі жетерлік екендігі белгілі.

“Күлтеленген жалы бар,

Желден жүйрік жануар,

Сені баққан адамның 

Маңдайының бағы бар” - деп ақындарымыз жануарды өлең-жырға қосады, оған небір күй арнаған күйшілеріміз де бар. 

Желден жүйрік тұлпар күші әлемдік стандарт өлшеміне айналғанын, мінсе - көлік, ішсе - сусын, жесе - тағам болатынын қазіргі және болашақ ұрпақ әңгіме күйінде естіп қана емес, бағдарлы, жоспарлы мемлекеттік іс, ата-баба кәсібі ретінде жүзеге асыруға әрдайым мүдделі. 

Өйткені, қазақ ойшылы, жазушы Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, “Түйесі көп кісі түйе бағуды біледі, жылқысы көп кісі жылқы бағуын біледі, жерінде бұлағы бар кісі егін егуді біледі”.

Сондықтан, Қазақстанда жылқы бағып, олардың тұқымын асылдандырып, санын көбейтудің жолы да, жөні де бар деп ойлаймыз. Атбегілік - дәстүр сабақтастығы. Қазір кез келген саланы жүйелі дамыту үшін ғылымның озық жетістіктеріне  басымдық беруде. Дүние жүзінде өндіріс технологияларын цифрландыруды, жасанды инттелектіні пайдалануды қолға алып отыр. Ақтөбе өңірінде құрылатын Жылқы шаруашылығы және жем-шөп өндіру институты осыны мықтап ескерсе деп тілейміз. Сонда ғана болашағы бар салалық мекеме

Дархан МЫҢБАЙ, Фб парақшасынан
03.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404