Ата кәсіпті жалғастырып келеді

Ата кәсіпті  жалғастырып келеді

Отырар ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны Анарбай Ахметұлының есімі еліміздегі домбырашыларға жақсы таныс. Оның қолынан шыққан ұлттық аспабымыз жоғары сапасымен ғана емес, сыртқы көрінісімен де көз тартады. Орайы келгенде Анарбай ағамен жақынырақ тілдескен едік. 

– Ең бастысы домбыраның қоңыр үні таза болу керек. Мен соған ерекше мән беремін, – дейді шебер. 

Анарбай аға 1963 жылы дүниеге келген. Оның әкесі түлкінің терісінен тымақ, бөрік, былғарыдан саптама етік тігетін шебер болыпты. «Әке көрген оқ жонар» демекші, кейіпкеріміз бала күнінен әкесінің жанында жүріп үйренген ісін бүгінде кәсібіне айналдырып, ата жолын жалғап келеді. 

– 1990 жылдан бері домбыра жасаймын. Домбыра – киелі аспап. Оны асқан ыждағаттылықпен жасау керек. Өйткені, оның қос ішегінде өткеніміз бен бүгініміз жатыр. Мектепті бітіріп, арман қуып Алматыға оқуға барғанымда бауырым мені домбыра жасайтын хас шеберлерге ертіп барды. Солардан біраз дүние үйреніп, тәжірибе жинадым. Ауылға келгеннен кейін бірден осы іспен айналыстым. Аллаға шүкір, жасаған домбыраларым шаң басып жатып қалған емес, – дейді қолөнер шебері. 

Анарбай ағаның қолынан шыққан домбыраларды еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы іздеп келіп, алып кететіндер көп. Кейіпкеріміз жасаған дүниелерін әлеуметтік желіге салып, жарнамаламайды. Домбыралары көптің  көңілінен шығып, елдің ризашылығына бөленіп жатса, ол үшін ең үлкен жарнама да, ең үлкен бақыт та сол. 

Нәрестеден нәзік бұл өнерді бүгінде Анарбай аға екі ұлына үйретуде. Олар да домбыра жасайды. Кейіпкеріміз жақында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мемлекеттен 2,5 пайызбен несие алып, шеберханасын заманауи техникалармен толықтырып, ұлғайтыпты. Қазір мұнда ол домбырадан бөлек, астау, қымыз ашытатын күбі секілді қазақ халқының төл мұраларын жасайды.  

– Мектеп оқушыларына арналған домбырадан бастап, үлкен домбыраларға дейін жасаймыз. Саз мектептерінен тапсырыс түседі. Қобыз да жасаймын. Жұбайым Жанат екеуміздің алты перзентіміз бар. Үш ұл, үш қыз. Қазір екі ұлымды осы кәсіпке баулудамын. Менің жолымды солар жалғастырады деп үміттенемін, – дейді қолөнер шебері.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 46
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 105
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 48
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 105
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 135
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 138
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 128
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 134
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 141
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 134

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11264
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10200
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13447
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12400
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17409