Ата Заң – бірлік пен дамудың кепілі

Ата Заң – бірлік пен  дамудың кепілі

Астанадағы Достық үйі ғимаратында өткен «Халық Конституциясы – бірлік пен дамудың кепілі» атты конференцияда Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайтудағы рөлі талқыланды. Елдік мәселелер ортаға тасталды. Ынтымақ бар жерде бірлік болатыны айтылды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, елордалық мәслихаттың, сондай-ақ Астанадағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шара модераторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы меңгерушісі Марат Әзілханов жиынның Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Бүгінгі кездесуіміз Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізіліп отыр. Бейбітшілік пен келісімді білдіретін бұл мерекені біз 30 жылдан бері атап өтіп келеміз. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – тарихи шешім. Онда ұлтаралық келісім, әділдік және халқымыздың бірлігі қағидаттары бекітілген», – деді ол. Қатысушылар елордада өткен бұл конференцияның маңызы зор екенін атап өтті.

Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы бас маманы Жанна Әбдуәлидің айтуынша, Конституцияда қоғамның негізгі құндылықтары айқын көрсетілген.

«Қабылданған Конституцияда қоғамымыздың іргелі құндылықтары – Қазақстан халқының бірлігі мен өзара құрметі нақты жазылған. Біздің міндет – осы құндылықтарды кеңінен насихаттау. Осы мақсатта беделді сарапшыларды, ғылыми топ өкілдерін, мәслихат депутаттарын және қоғам қайраткерлерін біріктірген диалог алаңы құрылды. Олар конституциялық реформа төңірегінде пікір алмасып, оның ең алдымен қоғамдағы бірлік, өзара түсіністік пен топтасуды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті», – деді ол.

Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенділерін ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің нәтижесі дер едік. Сондықтан Жаңа Қазақстан құрудағы басты қағида – ол этносаралық татулықты, бірлікті, сыйластықты берік ұстану.

Қазақстанда толеранттылық – үлкен құндылыққа айналды. Ал толеранттылық дегеніміз – төзімділік, сабырлық, шыдамдылық және имандылыққа негізделген ізгілік жолы. Мұны тәуелсіздікке ие болған отыз жылдан астам уақыттағы жеткен жетістігіміз деп айтуға нақты негіз бар.

 

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28067
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27552
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44929
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40584
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45238