Атырауда 9 кәріз-сорғы станциясы жаңартылуда

Атырауда 9 кәріз-сорғы станциясы  жаңартылуда

«Алдағы екі жылда барлығы 45 кәріз-сорғы станциясын қайта жаңартып, күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Оның тоғызында жұмыстар басталды, биыл жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр», – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Тұрғын үйлер мен мекемелердегі ағынды су кәріз-сорғы станциялары арқылы сорылады. Олардың көпшілігі 1945-1990 жылдар аралығында салынған. 

Бүгінгі таңда облыс орталығында қуаттылығы 2×800 м3/сағ төрт КСС-тің жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, олар Нұрсая, Лесхоз, Авангард-4 ықшам аудандарында және Махамбет пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан. Сонымен қатар Азаттық, Владимирский көшелерінде, Атырау темір жол ауруханасы, «Өнерпаз» тұрмыс үйінің жанында, Тұрғын үй қалашығы және Вокзал маңы ықшамаудандарында қуаты сағатына 190 текше метр бес станция қайта жаңғыртылуда. Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтің айтуынша, қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін су бұру сапасы жақсарады.

– Жаңғырту нәтижесінде кәріз сорғы станцияларында жабдықтар мен сорғылар жаңартылады. Негізінен, тұрмыстық қалдықтардың кесірінен кәріз жүйесінің бітелуі жиі кездеседі. Жаңартылған станцияларда жаңа жабдық қалдықтарды кесуге арналған пышақтармен жабдықталады, бұл әртүрлі төтенше жағдайдың алдын алады. КСС ескі ғимараттарының орнына заманауи блок-модульдік ғимараттар салынады, – деді А.Кенжебеков.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 101
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 167
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 148
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 561
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 529
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 551
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 548
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 543
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 560
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 547

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9795
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9167
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10171
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11380