Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде медицина саласында жаңа ғимараттар ел игілігіне айналып келеді. Бұл денсаулық сақтау саласындағы қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізуде. Нәтижесінде емдеу орны қолжетімді және жоғары сапалы бастапқы медициналық-санитарлық қызмет көрсетуде.
2022 жылы қолға алынған “Ауылда денсаулықты сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасының мақсаты – ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ете отырып, дені сау ұлт қалыптастыру. Сондай-ақ шалғайда жатқан ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру.
“Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында өңірде өткен жылы үш жаңа ғимарат бой көтеріп, пайдалануға берілсе, биыл “Қуатты өңірлер” бағдарламасымен бес елді мекенде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында құрылыс жұмыстары басталды.
Олар: Қарабастау ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт (келісімшарт құны – 285890,01 мың теңге), Тасбастау ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт (ғимараттың келісімшарт құны – 267426,98 мың теңге), Талапты ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт (ғимараттың – келісімшарт құны – 174532,77 мың теңге), Ынтымақ ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт (келісімшарт құны – 178886,49 мың теңге), Шымбұлақ ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт (ғимараттың келісімшарт құны – 185942,42 мың теңге).