АУДАНДА ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ АРТУДА

АУДАНДА ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ АРТУДА

«Қазақстандық қамту» термині алғаш рет 2004 жылғы 1 желтоқсанда жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға «қазақстандық өндіруші» (қазақстандық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) терминдерімен бірге енгізілді. Содан бері бұл тұжырымдамаға экономикадағы болжау мен жоспарлау барысында көп көңіл бөліне бастады. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі берген мәліметке сәйкес, қазақстандық өндірушілер шығаратын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай тізімін, олар өндіретін өнімдер каталогтарын жүргізу және нарықтағы сұранысты айқындайтын сатып алу бағдарламаларын көрсету үшін «Қазақстандық қамту» порталы жұмыс істейді. Мұнда компаниялар өндірілетін өнім, оның көлемі туралы мәліметтерді жариялайды. Бұл отандық өндірістегі қазақстандық өнімдердің нақты көлемін көруге мүмкіндік береді. Қазақстандық өнімдердің пайдаланылу көлемін 90 және одан да көп пайызға дейін көтеруге болатын салалардың бірі құрылыс болып табылады. Бұл түсінікті де. Себебі көптеген қажетті материалдар қолжетімді. Елімізде барлық мемлекеттік нысандарда жобалау кезінде қазақстандық өнімдерді барынша пайдалану міндеті негізгі талап ретінде қарастырылады. Сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде сметада әр материалдың шыққан елін міндетті түрде көрсетуі керек. Заңнамада отандық тауар өндірушілердің тізімі ұсынылған. «Атамекен» Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 2016 жылы еліміз бойынша қазақстандық өнімді пайдалану пайызы 71, 2017 жылы – 72, 2018 жылы – 77, 2020 жылға қарай ол 87 пайызға дейін көтерілді. Ал бүгінде кейбір нысандарда ол 90 пайызға жетіп отыр. Бұған жергілікті құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындардың ашылуы да ықпал етеді. Әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп жатқан Т.Рысқұлов ауданында құрылыс саласында отандық өнімнің үлесі жыл сайын артып келеді. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Жаңатұрмыс ауылында салынып жатқан 90 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Мәдениет үйіне, Ақыртөбе ауылындағы 140 орындық мәдениет үйіне, 2022-2024 жылдары пайдалануға берілген Көгершін ауылындағы 90 орындық Мәдениет үйі, Ақыртөбе, Көгершін, Р.Сәбденов ауылдарында дене шынықтырусауықтыру кешендерінің тапсырыс берушісі болып табылады. – Тізімде көрсетілген нысандар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау барысында отандық өнімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Соның негізінде есептеулер жүргізіліп, материалдар сатып алынды. Ал құрылыс материалдарының 90 пайызы отандық өндірушілерден алынғанын мақтанышпен айта аламыз. Аталған нысандарда Меркіде шығарылатын портландцемент, гипс, темірбетон бұйымдары, гипсокартон, күйдірілген кірпіш пайдаланылады, сэндвич-панельдер мен гофрленген қаңылтырлар Алматыдан келеді, жылу оқшаулағыш материалдар, пеноплекс, кабель, сым бұйымдары, барлық маркалы арматура, пластмасса, терезелер мен есіктер, тақтайшалар мен тұсқағаздарды қабырғаларға жабыстыруға арналған құрғақ қоспа, брусчатка, құм блоктары Тараздан келеді. Ал кәріз құрылысына пайдаланылған темірбетон науалар мен құдықтар Құлан ауылынан, – дейді бөлім басшысы Қаблет Әбдірахманов.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ,

Жамбыл облысы

Тұрар Рысқұлов ауданы 

03.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 19
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 564
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 679
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 591
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 602

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8736
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11367
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9120
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10351