Науқас жандарды емдеудің маңызды кезеңдерінің бірі – ол медициналық оңалту.
Жарақат пен ауыр аурулардан кейін адам әдеттегі өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі қажет. Осындай кезеңде Оналту орталығының науқастар мен мүгедектігі бар жандардың сырқатын баяулату, денсаулығын қайта қалпына келтіруде маңызы өте зор.
Бүгін Сарысу аудандық орталық ауруханадан Оңалту бөлімі салтанатты жағдайда ашылды.
Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, жиналғандарды игілікті шарамен құттықтады. Оналту орталығынан алған емдік шаралар адам ағзасының нығаюына ықпал етіп, қайта қалпына келтіруге, науқас жандардың ауруынан айығуына көмектесетіндігін, өз пайдасын тигізетіндігін атап өтті.
Бұдан кейін аудандақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Жұмаділдаев сөз алып, жылы лебізін білдірді.
Оңалту бөлімінің лентасы салтанатты жағдайда кесіліп, жиналғандар орталықты аралап көріп, жұмысымен танысты.
Оңалту бөлімі түрлі науқастарға емдік шараларын жүргізетін, жалпы соммасы 2,7 млн. тенгені құрайтын қажетті медициналық қондырғылармен жабдықталған. Орталықта тәжірибелі мамандар жұмыс істейтін болады.