ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕ ӨНДІРІЛГЕН ТАУАРЛАР елордаға барып бағын сынамақ

ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕ ӨНДІРІЛГЕН ТАУАРЛАР елордаға барып бағын сынамақ

Жуырда Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары – 2022» өңірлік көрме-байқауы өткен болатын. «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен үздік тауар бәсекесінде азық-түлік, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы саласы мен құрылыс индустриясында өзіндік орны бар 82 тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынды. 

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов алдымен құттықтау сөз сөйлеп, шараға қатысушы кәсіпкерлерге табыс тіледі.

– Жалпы, облыста 76 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Онда 124 мың адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілері 4 900 бірлікке артып, 76 мыңға жетті. Бұл Мемлекет басшысының қолдауы және сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі екені белгілі. Сонымен қатар қазақстандық қамту мәселелеріне назар аудару керек. Тек шикізат немесе тауар шығарып қана қоймай, оны өңдеу мәселесіне бет бұру аса маңызды. Бүгінде облыс кәсіпкерлерінің 101-і «СТ-KZ» сертификатына ие болып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнеске барлық қолдаулар көрсетілуде. Тек 2022 жылдың 6 айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 млрд теңге шағын несие берілді. Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд теңге (400 АЕК) грант бөлінді (0,2 млрд теңге 166 адамға берілді). Кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды жетілдіру әрі тиімділігін арттыру мақсатында облыста 3 арнайы алаң іске қосылған, – деді Нұржан Молдиярұлы.

Мұнан кейін өңір басшысымен бірге қала тұрғындары да отандық өнімдердің көрмесін тамашалады. Нұржан Молдиярұлы әрбір тауар өндірушімен тілдесіп, мәселелерін тыңдап, ұсынған тауарларына назар салды. Кәсіпкерлер айтқан кейбір мәселелерге қатысты пікір білдіріп, жауапты мамандарға тапсырды. 

Байқауға тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастық және салалық қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия төрелік етті. Олар үш номинация бойынша үздіктерді анықтады. Қазылар алқасы кәсіпкер өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударған. Сонымен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша үздік атанған «G Universal», «Novacom technology» серіктестігі мен жеке кәсіпкер «Алатау групп» иелерін марапаттап, арнайы сыйлықтар тарту етті. Сол секілді «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясы бойынша «Паритет – 2014», «Izgi is Qordai» серіктестігі және жеке кәсіпкер «Повстянко» озық шықты. Жеңімпаздарды «Әулиеата Феникс» құс фабрикасының бас директоры Фарида Жүнісова марапаттады. Бұдан өзге «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында «Eco-chicken» және «ТПК Берсанукаев», «Мерке-ет комбинаты» серіктестіктері үздіктер көшін бастады. Байқауда ісін енді бастаған «Муравенко», «Абзик Моторс», «Хожагаевич» сынды кәсіпкерлер де марапаттан құралақан қалмады. Оларға облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Еркін Атымтаев Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыстап, өңірдегі кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Байқауда үздіктердің ішінен қара үзіп шыққан 9 жеңімпаз жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары – 2022» республикалық байқауында бақ сынамақ.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 184
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665