«Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициямыз сапарын жалғастыруда

«Ауыл аманаты – ел аманаты»  экспедициямыз сапарын жалғастыруда

Газетіміздің ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аманат» партиясы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен  «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты дәстүрлі экспедициясы Қызылорда облысында

Экспедиция бірнеше топқа бөлініп, республикамыздың түкпір-түкпірін аралап жүр. Газетіміздің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы мен Бас редакторы Ертай Айғалиұлы Қызылорда облысындағы Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында халықпен кездесулер өткізіп жүр. 7 қараша күні Сәуле Мешітбайқызы қаладағы «Анаға тағзым» орталығына барып, ұжымымен келелі кездесу өткізді. Бұндай орталық еліміздің 3 аймағында бар екенін де еске сала кеткеніміз жөн шығар. Мән-мағынаға толы осындай орталық қазіргі қоғамда ауадай қажет. Әсіресе Астана мен Қазақстанның Солтүстік аймақтарында. Бұл бастаманы марқұм Бердібек Сапарбаев қолға алып, қай облыста болмасын руханиятқа ерекше көңіл бөлетін. Алғаш Ақтөбе қаласында, кейін Жамбыл облысы Тараз қаласында ашылған болатын. Екеуі де қазіргі таңда үлкен киелі шаңыраққа айналып, өз дәрежесінде жұмыс атқарып жатыр. Ел Президентінің Қызылордаға іссапары барысында «Анаға тағзым» орталығына баруы да үлкен мән берді. Соңғы рет Қызылорда қаласына «ковид» кезінде барған екенбіз, ол кезде қай облысты, қай қаланы алсаңыз да сүреңсіз болатын. Бұл жолғы сапарымыз әуежайдан бастап, ерекше болды. Қаланың тазалығы, бой көтерген әсем ғимараттар, дарияның сол жағалауында қарқынды жүріп жатқан құрылыстар көңіл қуантарлық жағдай. Сондай-ақ облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлымен кездесіп, облыста атқарылып жатқан жұмыстар мен болашаққа жоспарларына қанықты. Қызылорда облысындағы экспедициямыз жайлы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

 

09.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 18
ТАРАЗДА ФУТЗАЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 05.05.2024 11
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 10
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 125

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1259
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7307
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11171
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7365
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7514