АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 11% ЖАҢАРАДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 11% ЖАҢАРАДЫ
Аймақта биыл 1300-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы жаңару көрсеткішін 11%-ға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта барлығы 205 ауыл шаруашылығы техникалары алынса, оның ішінде 3 комбайн, 47 трактор, 155 дана басқа техникалар бар.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Яғни, инвестициялық субсидиялау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған шаруалардың шығындары субсидияланады. Өтеу пайызы 25% құрайды. Ал, еліміздің аумағында өндірілетін отандық техника 5 пайызға артық субсидияланады, ол 30% құрайды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникаларын алған 44 агроқұрылымға 500 млн. теңге субсидия төленді.
Техникаларды жаңарту жұмыстары мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.
 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
26.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5278
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5438
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20402
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19037
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22501