АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 12% ЖАҢАРАДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 12% ЖАҢАРАДЫ
Жалпы аймақта 12 569 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Оның ішінде 4 570 трактордың 1 мыңнан астамының пайдалану мерзімі он жылдан асқан.
Осыған байланысты биылғы жылы 1508 дана әр түрлі техника алу арқылы, ауыл шаруашылығы техникаларын 12%-ға жаңарту көзделген.
Бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 218 ауыл шаруашылығы техникалары (1 комбайн, 92 трактор, 125 дана басқа да техникалар) алынып, жаңару пайызы 1,7% құрап отыр.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Яғни, инвестициялық субсидиялау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған шаруалардың шығындары субсидияланады. Өтеу пайызы 25% құрайды. Ал, еліміздің аумағында өндірілетін отандық техника 5 пайызға артық субсидияланады, ол 30% құрайды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникаларын алған 23 агроқұрылымға 253,6 млн. теңге субсидия төленді.
Техникаларды жаңарту жұмыстары мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5182
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5345
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20310
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18947
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22408