Ауыл халқының табысын арттыру жолында

Ауыл халқының табысын арттыру жолында

Алғаш рет 2019 жылы біздің өңірден бастау алған ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүкіл Қазақстан бойынша масштабтауды тапсырғаны белгілі.  Осы мақсатта, Ынтымақ ауылдық округінде «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін ауыл халқына микрокредиттер беру» бағдарламасы аясында кездесу ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбековтің төрағалығымен өткен басқосуда мәдімарлық тұрғындарға аталмыш жобаға қатысты кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жоба ауданымызда 2019 жылы Қостөбе, Түймекент, кейіннен Үлгілі ауылдық округтерінде енгізілген. Аталған 3 округтің тұрғындары бұл жобаның тиімді тұстарын айтып, округте мал басын өсіріп, егістіктегі өнім көлемін арттырып отыр. Өз шаруа қожалықтарын ашып, бос жүрген азаматтарды жұмысқа тартуда да пайдасы мол. Облыстық «Тараз ӘКК» АҚ-ы «АгроТехқызмет» жетекшісі Берікбол Мәндібаев жоба шеңберінде қаржыландырылатын бес бағытқа жеке-жеке тоқталды. Жиын барысында оған қатысушыларға үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту, ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, кооперативтерді жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыттары бойынша жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жоба аясындағы қаржыландырудың негізгі талаптары, несие шартының талаптарын орындамағаны үшін төленетін айыппұл мөлшері, қаржыландыруға арналған құжаттар тізбесі, несиенің мақсатты пайдалануын растайтын құжаттар туралы қосымша ақпараттарға қаныққан ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауаптар алды.

Байзақ ауданы
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743