"Ауылдағы үйлер төңкеріліп, малдар жамырап қашты": Ақтөбеліктер соққан дауыл туралы айтып берді

"Ауылдағы үйлер төңкеріліп, малдар жамырап қашты": Ақтөбеліктер соққан дауыл туралы айтып берді

Оқиға туралы ауыл тұрғындары айтып берді. 9 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Ойыл ауданы Көсембай ауылында қатты жел соқты. Дауылдың күшті болғаны сонша, электр бағандарын, қоршауларды құлатып, үйлер мен қосалқы құрылыстардың шатырларын жұлып әкетті.

"Ауылдағы үйлер төңкеріліп түсті. Сиырлар мөңіреп, қойлар қатты маңырады... Малдың бәрі далаға кетті. Ауылда бағаналар құлап, бүкіл жерді қараңғы басты. Тұрғындардың аман қалғанына қуаныштымыз. Жел басылған соң ер адамдар құлаған шатырларды көтеріп, астында қалған малды шығарды", – дейді тұрғындар.

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, қатты желдің салдарынан Қайыңды ауылдық округіне қарасты Көсембай ауылында 51 ғимараттың, оның ішінде 35 үйдің шатыры зақымданған. Қалған ғимараттар қоралар мен қосалқы құрылыстар. Ауылда барлығы 74 үй, 380 тұрғын бар. Ауыл тұрғындары өрт сөндірушілермен бірге құлаған ағаштар мен жұлынған шатырларды алып жатыр.

“Ауылда тоғыз бағана құлады. Оның жетеуі қалпына келтіріліп, учаскеде 15 жұмысшы 5 арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр. Барлық тіректер қалпына келтірілгеннен кейін ауылға электр жарығы беріледі. Келтірілген шығын әлі бағаланған жоқ”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

Көсембай Үйіл аудан орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.

Бұған дейін, Ақтөбе облысында қатты желден ауыл тұрғындарының тең жартысының үйлері шатырсыз қалғанын хабарлаған едік. 

Еске сала кетейік, 10 тамыз күні ақтөбеліктерге бұршақ жаууы мүмкін екені ескертілген. Билік азаматтарды өз мүлкіне қамқорлық жасауға шақырды.

stan.kz
11.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 59
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 46
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 137
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 120
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 532
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 501
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 522
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 519
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 513
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 530
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9765
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12373
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11351