Электр жарығы Кемертоған ауылы 2012 жылдан бері ешқандай рұқсатсыз, құжаттарсыз және ЖК техпаспортсыз өздерінің трансформаторларын қойып алып, электр жарығын жоғары тарифте төлеп отырғаны белгілі. ИП «Калелова» иесі Калелова Нурпия Зукановна баласы Туркеев Ержан әр үйден келісімшар- тсыз 300 000 теңгеден, кейіннен қо- сылған үйлерден 350 000 теңгеден жинап, «электр жарығын стандартқа сай жасап беремін» деген уәдесінде тұрмай, 5 жылдан бері халықтың мазасын қашырып, үркітіп-қорқытып қосымша жөндеу жұмыстарына ақша жинауды сұрайды екен.
Жауабы: Кемертоған ауылының жаңа құрылыс алқаптарының көпшілігі елді мекен шекарасынан тыс жерде болуынан және ол жерлерде мемлекеттік электр желілері болмағандықтан, электр жүйесі жекеше түрде жүргізілген.
«Калелова» ЖК-нің электр желілері бойынша Алматы облысының табиғи монополияларға қарсы департаментімен 250 мың теңгеге және Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан 95 мың теңгеге электр энергиясын тұрғындарға бекітілген тарифсіз тасымалдау және қызмет көрсету сапасы бойынша айыппұл салынды. «Калелова» ЖК тарифтер бекіту мақсатында Алматы облысы табиғи монополияларға қарсы департаментіне құжаттары тапсырылды.
Ауызсу мәселесі. Судың жағдайы да электр жарығы сияқты жеке кәсіпкерлердің қолында. Себебі су құбырына ақшаны 170 000 теңгеден жинап алып, техникалық суды беріп, тарифті заңсыз өз ойынан қойып, 130-150 теңгеден кубына беріп отыр. No17 квартал тұрғындары өз қалтасынан әр үй 3000 теңгеден шығарып, Ұлттық сараптама орталығына беріп тексертті, нәтижелері қолдарында тұр. Ал жеке кәсіпкерлердің су құбырын жүргізуге рұқсат құжаттары, актілері жоқ. Тіпті қанша метр тереңдікте қазылғанын да ешкім білмейді.
Жауабы: Кемертоған ауылының 17 кварталында 30-дан астам тұрғындарға «Калелова» ЖК ауызсумен қамтамасыз етуде. Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы аталған мекеме тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 69 мың теңгеге айыппұл салынды. «Калелова» ЖК ауызсумен қамтамасыз ету жүйесін заңдастыру мақсатында құзырлы мекемеге тапсырды.
Сонымен қатар, Кемертоған ауылының су құбыры желілерін жаңғырту және қайта салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 12,9 млн теңге бөлініп, «Ред Лайн Про» ЖШС-мен әзірленуде. Жобаның аяқталуы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарлануда. Аталған жоба аясында Кемертоған ауылының 17 кварталын қамту қарастырылған.
Интернет желісі. 2022 жылдан бастап Кемертоған тұрғындарының электр тогы жиі өшкендіктен, интернет желісі де нашарлап отыр. Себебі электр қуатын тасымалдайтын тіректер әбден тозған. Мәселе қосалқы трансформаторларға жауапты адамдар – жергілікті электриктердің дұрыс қарамауынан туындап отыр. Сонда интернет желісін қостырту үшін сол (столбтар) тіректер кімнің меншігінде тұр? Жекеменшік кәсіпкерлер өз қалтасынан жөндеу жұмыстарына ақша шығарғысы келмесе, көшеге жарық жүргізбесе, неге Үкіметке өткізбейді? Сонда судың, электр жарығының тарифтеріне кім жауап береді?
Жауабы: Интернет мәселесі бойынша «Alma TV» АҚ мен «Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі екіжақты келісімшартқа отырып, Іргелі, Кемертоған, Көксай ауылдарына жер үсті және аспалы талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу, тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кемертоған ауылы, жаңа құрылыс массивіне (МТФ) баратын жолға асфальт жабындысын салу.
Жауап: Кемертоған ауылының ұзындығы 4,7 км құрайтын МТФ-ға барар жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жүргізіліп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Қаражаттың бөлінуіне байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Кемертоған ауылы тұрғындарына дәрігерлік амбулатория салу мәселесі.
Жауап: Кемертоған ауылында күніне 50 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулатория салу мақсатында ауылда 0,30 гектар жер телімі бөлінді, 2024 жылға мемлекеттік жеке серіктестік жобасы арқылы іске асыру көзделуде.
Жаңақұрылыс көшелерінің көше атаулары мен тұрғын үйлердің реттік нөмірлерін беру туралы.
Жауап: Округ бойынша 61 көшеге атау беріліп, қазіргі уақытта Облыстық әділет басқармасына тіркелді. Сонымен қатар тұрғын үйлердің реттік нөмірлерін дұрыстау бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен тиісті жұмыстарды жүргізуде. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жоспарлануда.
Кемертоған ауылының жаңа құрылысында мектеп құрылысы мәселесі.
Жауап: Кемертоған орта мектебінде 5000-нан аса бала үш ауысымда білім алуда. Үш ауысымды білім алуды жою мақсатында Кемертоған ауылының солтүстік бөлігі жағынан 3,0 гектар жер телімі бөлініп, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1500 орындық мектеп құрылысы басталды. Мердігер мекеме – «BI Group» ЖШС.
Сонымен қатар, Іргелі ауылында 2000 орынға арналған мектептің құрылысын «Адвенто» ЖШС жүргізуде. Құрылыстардың аяқталуы 2024 жылдың соңына жоспарлан
уда.