Жас гимнаст Дубайдан күміс медальмен оралды

Жас гимнаст Дубайдан күміс медальмен оралды

Қазыбай Мерейлім Мәнібекқызы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында тұрады. Қазір жасы 8-де. Көркем гимнастиканы 5 жасында «Балдәурен» балабақшасынан бастаған болатын.

Ол «СЕЕ Қ.Әбсәметов атындағы орта мектеп» КММ 2 «а» сынып оқушысы.  Мерейлім  30қазан-1 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен халықаралық «Pirouette S.P.S.M Challenge Cup 2026» көркем гимнастика жарысында жүлделі ІІ орынға ие болды.Мерейлімнің бапкерлері: Құдайбергенова Асия Асқаровна және Ержанова Балжан Ержановна. Аталған халықаралық додаға 13 елден 300-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс Sheikh Saeed Bin Maktoum Sport hall кешенінде өткізілген болатын. Осындай ауқымды байқауда Мерейлімнің үздіктер қатарынан көрінуі  үлкен жетістік болып саналады.  Жас гимнастың бұл 9 ай бойы тер төгіп, еңбектеніп жеткен жеңісі.  Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, табандылықтың, төзімділік пен үздіксіз жаттығудың жемісі. Мерейлім халықаралық додаға алғаш шығып, қатысып отыр. Қазіргі таңда ол 3-ші жасөспірімдік разряд алуға дайындық үстінде. Жетістіктері: қалалық көркем гимнастика    ға қатысып, 3 рет 1 орынмен марапатталды, облыстық кезеңде 3 орынмен 1 рет марапатталды, аудандық кезеңде 1 рет 1 орынмен марапатталды.

Мерейлімнің сабағы жақсы, сынып үздігі, сондай-ақ  математика, дене шынықтыру пәндерін өте қатты жақсы көреді. Сынып жетекшісі: Утарова Алия Аманбаевна. Жас спортшымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, Қазақстанның көк байрағын әлемдік ареналарда желбірете беруіне тілектеспіз!

Шаргүл Қасымханқызы
21.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29705
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29263
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46489
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42070
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46830