Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 116,8 млрд теңгеге жетті

Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы  шығарылымы 116,8 млрд теңгеге жетті

Атырау облысында 2025 жылғы қаңтар-қазан айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 116,8 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6% ілгерілеуді көрсетіп отыр. Оның ішінде өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі 52,7 млрд теңгеге жетсе, мал шаруашылығы – 61,7 млрд теңге.

– Өңірдегі мал басы да көбейді. Бүгінде облыста 238 мың бас ірі қара, 590 мың бас қой-ешкі, 150 мың басқа жуық жылқы, 43 мың бас түйе, 243,8 мың бас құс бар. Есепті кезеңде облыста 40 мың тонна ет, 27,6 мың тонна сүт, 43 млн дана жұмыртқа алынды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Облыста егін жинау жұмыстары толық аяқталған. Егілген егістік алқап түгел жиналып, барлығы 144,3 мың тонна өнім алынған, ішінде 68,7 мың тонна көкөніс, 39,6 мың тонна бақша өнімі, 7,3 мың тонна картоп және 28,6 мың тонна мал азықтық дақыл өндірілген.

2025-2027 жылдары өңірде инвестициялық 12 жоба іске асырылып, 460 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Оның ішінде 2025 жылы 6 жобаны іске қосу жоспарланған.

Дайындаған Г. Елтайқызы

11.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21187
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20968
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36150
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34589
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38514