АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Бүгін «Qyzylsha» ЖШС-нің Ескі Шу ауылдық округіндегі қант қызылшасы алқабында «Eurasia Group» компаниясының ауылшаруашылығы техникаларының таныстырылымы өтті. Айта кету керек, швейцариялық компания еліміздегі «John Deere», JCB, Grimme сынды маркалы техникалардың ресми дилері болып табылады.
Семинар барысында аталған компанияның Жамбыл облысындағы филиалының менеджері Альтаир Досымбеков ауданымыздағы ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық жетекшілеріне ең соңғы қондырғылармен жабдықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы техникаларды жан-жақты таныстырды. Мәселен, жер аударуға, ұрық себуге және жүк тасуға арналған шетелдік техникалардың бұрынғы техникалардан айырмашылығы мен тиімділігін атап өтті.
 
«Компанияға шаруа қожалықтардан тапсырыс түссе, біз аз уақыттың ішінде қажеттілігіне орай АҚШ, Германия және Франция елдерінен жеткізіп береміз. Сондай-ақ, биыл дәл осындай техникаларға мемлекет тарапынан 50 пайыз субсидия жүріп жатыр. Ол үшін бірнеше шаруа қожалық бірігіп, кооператив құруы қажет. Сонда техника құнының 25 пайызын республикалық бюджет төлесе, 25 пайызы жергілікті жердегі бюджеттен субсидияланады» дейді компания менеджері.
Мұндағы техникалар қазіргі заманның талаптары мен үрдістеріне толық жауап береді.
 
Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар техникаларды күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін де қарастырған. Қазіргі таңда кез келген шаруа адамының алдында еңбек өнімділігін арттыру міндеті тұрғаны сөзсіз. Ал дәл осындай заманауи техникаларды қолданысқа енгізбей және менеджментті жақсартпай оған қол жеткізу мүмкін емес. Сол себепті де ауданымыздағы шаруалар бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуі тиіс.
Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804