Әжелер айтқан ертегі, ұрпағын рухты етеді

Әжелер айтқан ертегі, ұрпағын рухты етеді

Ұлттық тәрбие, нағыз қазақы тәрбиенің өзегі әжелер мектебінен бастау алады. Көпті көрген ақ жаулықты әжелер  айтқан ертегі арқылы  бала жақсы мен жаманды, дос пен дұшпанды, мейірімділік пен жауыздықты, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажыратуды үйренеді, тілі жаттығады. Ертегі, аңыз-әңгімелердің  кейіпкерлері олардың басынан өтетін оқиғалары арқылы күнделікті нәрселерді талдай білуді және әлемді түсінуді үйренеді. «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деген екен  атақты ұстаз Ыбырай Алтынсарин.

“Қазақ аналары” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы “Дәстүрлі жол” жобасының төрайымы, белгілі дизайнер, «Gulfairuz studio» ұлттық киімдер брендінің негізін қалаушы Гүлфайруз Нұрабаева және облыстық аналар алқасының бастамсымен қолға алынған “Әжемнің ертегісі” жобасы аясында Сеңкібай ауылындағы “Нұрлы”  бөбекжай  бақшасында «Өмірге риза болып, алғыс айтамын!» атты ертеңгілік өтті.
Бүлдіршіндер бойына «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, Отанға, ата-анаға, тәрбиешілерге, жалпы адамдарға  алғыс айту, үлкен мен кішіге сүйіспеншіліктерін көрсете білу, сыпайылылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілік пен кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеуді мақсат еткен ертеңгілік балалар хорының орындауында  «Ана деп ән саламын» атты  әнімен ашылды. Мұнан кейін бүлдіршіндер ата-анаға, Отанға, Табиғат-Анаға, адамдарға алғыстарын өлең жолдарымен жеткізді. Ұлттық киім киген кішкентай арулар елімізді мекен еткен түрлі этнос өкілдерінің билері мен «Топ-топ» әнін,  ұлдар «Джентльмен», заманауи  билерді билеп, жиналғандардың ыстық қошеметіне бөленді. Азамат Алаштың орындауында «Анашым анажаным», Жасмина Нұрсұлтанқызы «Қайда» әндерін әуелете шырқаса, Алижан Елемес ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Барлығы да менікі» атты жырын мәнеріне келтіріп оқыды.
Мұнан кейін балалар ертегілер әлеміне сапар шекті. Аудандық аналар алқасының мүшесі,  Мырзатай ауылдық округі аналар алқасының төрайымы Ұланбике Сейдуалиева  бүлдіршіндерге «Бауырсақ» ертегісін нақышына келтіріп айтқаны  соншалықты бүлдіршіндер қимылсыз зейін қойып тыңдады.Ертегі кейіпкерлерін: әжесі (Жанар Рахманова), бауырсақ (медбике Света Байходжаева), қоян (әдіскер Аида Айнақұлова), аю (шаруашылық меңгерушісі Салтанат Сарсебаева),  қасқыр (Меруерт Пшанова), түлкі (Айнұр Боранбаева)  әдемі сомдап, балалардың ертегі тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыра білді.
Ертеңгілікке арнайы келген «Рысбаева және К»  ЖШС-нің директоры Сәуле Рысбаева әже тәрбиесін көргендігін айтып, естелігімен бөлісті. Түрлі-түсті етіп шығарылған ертегілер кітапшасын бүлдіршіндерге табыстады. “Қазақ аналары” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы “Дәстүрлі жол” жобасының төрайымы  Гүлфайруз Нұрабаева екі ата, екі  әженің тәрбиесін көріп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіргендігін, соның нәтижесінде ұлттық өнерімізді: кимешек, кәжекей, камзол, шапан, қазақы көйлек, тақиялар тігіп, ұлықтап жүргендігін жеткізді.  «Әулиеата Феникс» ЖШС-інің  директоры  Фарида Жүнісова, Байзақ аудандық аналар алқасының төрайымы Шырын Қапарова, «Ақ жол» шаруа қожалығының басшысы Бағдат Момынов ретімен сөз алып, облыстық, аудандық аналар алқасының қолға алған бастамасының өміршеңдігін, ертегі баланы тәрбиелеудің таптырмас құралы екендігін айтып, бақшада талантты, өнерлі  бүлдіршіндердің көптігіне риза болып, бақша меңгерушісі Ақтоты Көпбосыноваға, тәрбиешілерге, жалпы ұжымның жұмысына табыс тіледі.
Аталған бөбекжай- бақшадағы 2 топта 50 бала тәрбиеленуде.

Гүлшахар Ермұратова.
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10705