ӘЖЕЛЕР САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ?

ӘЖЕЛЕР САЛҒАН  ӘН ҚАНДАЙ?

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында бірқатар халықтық атақ иеленген ансамбльдер, одан өзге тағы қаншама этно-мәдени бірлестіктер бар. Олардың барлығы, әрине, алдымен берекелі бірлікті ту етіп, аудан жұртшылығына өнер дейтін өлкедегі асыл құндылықтарымызды дәріптеп жүр. 2023 жылы Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблінің де негізгі миссиясы халық әндері мен қазақ халық композиторларының есті әндерін аудан жұртшылығына насихаттау еді. 

Мінеки, құрылғанына 2 жылдай уақыт болса да, «Асыл әжелер» ансамблі мерекелік іс-шараларда әрдайым сахна төрінен табылып, ән салып жүр. Оны өз көзімізбен көріп те жүрміз. Репертуарларының басым бөлігінде халық әндерін орындайды. Ауданымызға белгілі әнші Гүлмарал Қорабаева жетекшілік ететін «Асыл әжелер» ансамблінде Гүлназ Исақова, Гүлмира Алимкулова, Ажар Райсова, Гүлбүбі Кусепова, Айнұр Арипова, Роза Серікбаева, Гүлбаһрам Лахова секілді әртүрлі салада еңбек еткен ақ жаулықты аналар өнер көрсетеді. Ансамбльде продюсерлік қызметті аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Гүлдерайым Даулетова атқарады.

Жақында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Асыл әжелер» ансамблінің «Әжелер салған ән қандай?» атты есептік концертіне қатыстық. Концерт өте тамаша болды. «Асыл әжелердің» есептік концертіне шынайы тілеулес болып келген көрермендер қатысты. Олардың қатарында аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, ардагер журналист Тұрсынхан Жаманбаев, Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің директоры Бердіхан Бабасов та бар. «Асыл әжелер» ансамблі есептік концертте ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, түрлі музыкалық композициялар мен халық әндерін көрермен назарына ұсынды. Концерт барысында «Ұлы даланың ұлы аналары» композициясы, тұсаукесер салты және Шәмші Қалдаяқов әндерінен попурри орындалды. Есептік концертте Әбілахат Еспаевтың «Маржан қыз», Садық Керімбаевтың «Ауылым – алтын бесігім», Нұрғиса Тілендиевтің «Жүрегім менің», Кенен Әзірбаевтың «Басты өлең», Ербол Бәтеннің «Аман ба?», Шымберген Сүлейменовтың «Анаңды сүй», Қуаныш Құрманбаевтың «Елге алғыс» және «Уғайым-ай», «Керім-ау айдай», «Дей салдым», «Гүл, гүл жайна», «Дүлдүлім», «Тойға шашу» секілді халық әндерін тыңдап, көңіліміз жадырап қалды. Одан бөлек, «Әдемі-аудың» биші қыздары би билесе, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова Тынышбай Рахымның «Бозорамал» әнін орындап, залға жиналған көрермендердің алғысына кенелді. 

Концерт соңында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрдос Базарқұлов және Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің директоры Бердіхан Бабасов сөз сөйлеп, «Асыл әжелер» ансамблінің есептік концерті жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, ансамбль мүшелеріне шығармашылық жетістіктер тіледі.

Марат Диханбай, 

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы

04.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21149
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20930
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36105
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34559
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38478