Байзақ ауданында

Байзақ ауданында

 

Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде

Ауданның негізгі саласы ауылшаруашылығы. Өткен 11 айда 48 миллиард 809,1 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Мұның 30355,4 миллион теңгесі өсімдік, 18379,1 миллион теңгесі мал шаруашылығына тиесілі.  Ал өнеркәсіп өнімін өндіру 5,6 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға жоғарылаған. Оның ішінде электрмен жабдықтау, газға қосу – 4,8 пайыз, сумен жабдықтау, кәріз жүйесін жаңғырту – 63,5 пайызға өссе, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу  61,5 пайызға төмендеген. Бөлшек сауда айналымының көлемі 14530,5 миллион теңгені, көтерме сауда айналымы 4774,2 миллион теңгені құрап, 2 есеге өскен.

Шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. Бүгінгі таңда ауданда  7825 кәсіпкер егін, мал, құс, балық, көкөніс және бақша шаруашылықтарымен, сонымен қатар макорон консервілеу өндірісімен айналысуда. Сауда – саттық пен тасымал жүйесі де жақсы жолға қойылған. Кәсіпкерлер тарапынан 9233 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, аудан тұрғындарының 17,9 пайызы осы салада еңбек етуде. 

Ауылшаруашылығының маңызды бөлігі егін шаруашылығы агроқұрылымдар тарапынан дұрыс бағыт алған. Биыл масақты дәнді дақылдардан мол өнім жиналып, қанбаға 30688 тонна дән құйылған. Алқаптан жиналған өнімнің гектарға шаққандағы орташа өнімділігі 14,3 центнерді құрады. Көкөніс пен бақша алқаптарынан да мол өнім жиналды. Бір ғана пияз алқаптарынан биыл рекордтық өнім алынғаны республикаға аян. Ал мал азығы науқанына шаруалар бар күшін жұмылдырды. Үстіміздегі жылы орын алған қуаңшылыққа қарамастан қожалықтар тарапынан 182300 тонна пішен, 10 мың тонна пішендеме, 48400 тонна сабан, 9000 тонна сүрлем дайындалды. Қазіргі таңда төрт түліктің басым бөлігі қыстауларда қыстатылуда. 

Аудан халқы мемлекеттік бағдарламалардың да игілігін көруде. Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында – 84, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде – 13 жоба қаржыландырылған. Осының арқасында негізгі капиталға салынған инвестиция 21,4 миллиард теңгені құрады. Өткен 11 айдың қорытындысымен құрылыс саласында атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 10,3 миллиард теңгені құрады. Қазіргі таңда 35 нысанның құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Оның біреуі жеке тұрғын үй құрылысы (төтенше жадайға байланысты), бесеуі полиция пункті, біреуі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, тоғызы білім беру нысаны, үшеуі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, 11-і таза ауыз су құбырын тарту, сонымен қатар 21 елдімекенге газ кіргізу, үш коммерциялық мекемені электр желісімен жабдықтау. Бұл нысандардың құрылыс жұмыстары «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 32,1 мың шаршы метрді құрап, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,9 пайызға жеткен. Биыл үш елдімекенде жалпы алаңы 195,7 гектарды құрайтын тұрғын үй алқабына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіліп, жақында 1000 адамға жер телімін беру жоспарлануда. Аудан бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 322,82 километрді құрайды. Оның 56 километрі республикалық, 134,75-і облыстық, 132,07-і аудандық мәндегі жолдар. Ауылішілік көшелердің ұзындығы 421 километр. Биыл жол құрылысына 1,1 миллиард теңге бөлініп, облыстық – 21,6, аудандық – 7,73, ауылішілік – 12,95 километр жол қайта жөнделді. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық мәндегі автомобиль жолдарының үлесі 92, ауыл ішілік жолдар 88,4 пайызды құраса, жыл соңында оны 95 пен 91,4 пайызға жеткізу жоспарланған. 

Елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Бүгінгі таңда 43 елдімекеннің 41-і табиғи газбен қамтылған. Яғни, халықтың 95,3 пайызы көгілдір отынның игілігін көруде. Жыл соңына дейін Ақшолақ пен Төрткөл ауылдарына орта қысымды магистралды газ құбырын тарту жоспарлануда. Осы жұмыстар жоспарға сәйкес орындалып жатса, жыл қорытындысымен аудандағы барлық елдімекен көгілдір отынмен қамтылатын болады. Ал ауыз сумен 43 елдімекеннің 24-і қамтылып, ол 55,8 пайызды құраған. 21 ауылға «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, үш ауылға «Теміржол су» ЖШС-і қызмет көрсетуде. Қазір Сарыкемер, Байзақ, Көктал, Көкбастау ауылдарында орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысы басталып кетті. Таза ауыз сумен қамтылмаған Базарбай, Үлгілі, Аққия, Сарыбарақ және Қызыл жұлдыз елдімекендерін таза ауыз сумен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Сөйтіп үш елдімекенде, атап айтса, Базарбай, Үлгілі, Қызыл жұлдыз ауылдарында таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталып кетті. Бұл жобалар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылуда. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы асында ауданға 1,7 миллиард теңге бөлінген болатын. Жоба аясында ондаған нысан жаңғыртудан өтсе, жолдар мен көшелер жарықтандырылып, жаңа ғимараттар ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек, екі нысан күрделі жөндеуден, бес нысан (4 таза ауыз су, 1 қазандық)  қайта жаңғыртудан, екі нысанға жанама құрылыс, 11 ауыл іші жолы орта жөндеуден өткізілді. Жоба аясында 300 жұмыссыз халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылды.  

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 7 ауылды ауыз сумен қамтуға қаржы қаралды. Ал Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа жеті білім нысаны, үш инженерлі-комуникациялық инфрақұрлым желісін тарту, газбен қамту, үш автомобиль жолын жөндеу, 2 полиция пункті мен 250 орындық емхана құрылысын жүргізу үшін олардың жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. 

Қайрат ИСМАИЛ, Аудан әкімінің орынбасары
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Тараздың төл мерекесі тұңғыш рет қалай тойланды?
Москау НОҚРАБЕКОВ, қоғам қайраткері, z-taraz.kz - 11.10.2024 108
ЖЕДЕЛ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 11.10.2024 104
АҚТӨБЕДЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - 11.10.2024 98
СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 87
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 984
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1023
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5988
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8615
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6422
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7630