Жасөспірімдердің суицидке бейім мінез-құлқын анықтау

Жасөспірімдердің суицидке бейім  мінез-құлқын анықтау

Иә, өкінішке орай Қазақстанда жыл сайын суицид жасаушылар саны көбеймесе, азаятын түрі жоқ.  Балалар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы соңғы жылда  40%-ға өскен. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық пен буллинг жасаудың соңы қайғылы жағдайға, яғни суицидке апаруы мүмкін. Міне, осындай жайларға еліміздегі  балалар психологтары  қатты көңіл бөліп, алаңдаушылық білдіруде.

Суицидке бейімділіктің белгілері қандай?

Оқшаулану және тұйықтық. Үнемі белсенді болып және  ашықжарқын жүретін  баланың мінез-құлқы өзгере бастайды. Жора- жолдастарымен, отбасымен қарым-қатынас жасағысы келмей, көп уақытын оңаша өткізеді. Бұрындары өзін қызықтыратын ойындардан немесе хоббилерінен алыстай береді.

Көңіл-күйдің жиі өзгеруі. Көңіл-күй аяқастынан өзгереді. Өзін әлсіз сезініп, кейде  агрессияға дейін барады. Болмашы себептермен тез ашуланады.

Ұйқы және тәбет. Ұйқы режимі айтарлықтай өзгереді. Тамақтану әдеттерінде өзгерістер болады. Салмағы күрт артып немесе азаяды.

Үлгерімнің төмендеуі. Оқушы сабақтарға қатыспай, оқуға немқұрайлы қарап, қызығушылығы жоғалады, үлгерімі  төмендеп кетеді.

Үмітсіздік және шарасыздық білдіру. Жасөспірім болашағынан күдер үзіп, әртүрлі әңгімелер айта  бастайды. Мәселен «Енді ештеңе жақсармайды немесе өзгермейді», «Ештеңенің мәні жоқ» деген сияқты сөздер. Бұл әшейін  сөздер секілді көрінуі мүмкін, алайда  өте маңызды мәлімдемелер.

Суицидтік ойларды айту. Өлім туралы  әңгімелер айта бастайды. «Менің болмағаным жақсы еді», «Мен бұл өмірден шаршадым» деген сөздерге мән бермеуге  болмайды.

Жаман әдеттер, мінез-құлық өзгерістері. Аутоагрессия, алкоголь, есірткі секілді  қауіпті әрекеттерге қызығушылық таныту. Өзін-өзі жарақаттау. Осы  әрекеттер арқылы не ауырсынуды жеңуге тырысу, не көмек сұрауын білдіреді.

Жеке заттарын тарата бастау. Достары мен  туыстарына аяқастынан сыйлықтар табыстап, қимас заттарын достарына қиналмай бере салады.

  Жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасы әлі де болса шешілуі қиын ең өзекті мәселе болып саналады. Қоғамдағы бұл жағдайдың туындау себептері  де сан қилы.  Суицид  дегеніміздің өзі психологиялық жағдайдан пайда болатын құбылыс. Біз бір сәт  өз-өзіне қол жұмсаған баланың ішкі әлеміне үңіліп, рухани халін түсінуге тырысқанымыз жөн. Ой-санасы әлі де толық дамып, пісіп - жетілмеген жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсау арқылы «мен өз мәселемді осылай шешемін, яғни  мен болып жатқан  қиындықтардан, дағдарыстардан, күйзелістерден өстіп  шығамын» деп ойлайды да, осындай суицидтік жағдайға келеді. Суицид - аяқ астынан пайда болған  кездейсоқ әрекет деп түсінуге болмайды. Олар өздеріне қол жұмсау арқылы  айналасындағы басқа жандарға өз қайғысын білдіріп, көмек сұрайды немесе  назар аудартқысы келеді.    Жасөспірім  өзіне-өзі қол жұмсау күйзелістен, қиындықтан немесе жазалаудан құтылудың ең тиімді де оңай жолы деп есептейді. Балада суицидтік мінез-құлық пайда болғанда жоғарыда көрсетіп кеткендей, өзгелерден  оқшауланады, жаны жабырқап жалғыздықты жақсы көреді, сабаққа барғысы келмейді, тіпті болмаса өз ортасында жиі жанжалдасып қалады. Кейде  үрейленіп, уайым- қайғыға батады, әлсізденіп, ұйқысы мен тәбеті бұзылып, салмағы төмендейді. 

Суицидтің алдын алу үшін не істеу керек?

   Ол үшін ата-аналар, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ  алдын алу жұмыстарын атқарған жөн. Жасөспірімдер мен жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген дұрыс. Және де суицид  тақырыбында  әңгімелесулер, сұхбаттасулар, дәрістер, кеңес беру, сұрақ-жауап секілді іс-шараларды жиі жүргізу керек.

 Шаргүл Қасымханқызы

 

 

 

29.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 353
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 544
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 556

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19245
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34237
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32808
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36613