Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті басшылығы оқушылар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, қауіпсіздік шараларын ескертті. 

 

1 қыркүйек – Білім күніне орай Оралдағы №1 жалпы білім беретін мектебіне департамент бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев барып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады.  Департамент басшысы оқушыларға сәттілік тілей отырып, құқық бұзушылықтарға жол бермей, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. 

— Оқушылар арасында жәбірлеу-буллинг деген проблема бар. Бұл  әр түрлі сипатта болады, оның салдары суицидке әкелуі мүмкін. 12-ден 16 жасқа дейінгі балалар буллинг жасаса, оның заңды өкілі әкімшілік жауапқа тартылады, ал 

16-дан 18 жасқа дейінгі балалар жасаса,  өздері жауапқа тартылады.  Мұндай әрекеттерге жол бермеңіздер. Үлкендер кішілерді қорғап жүріңдер. Мектеп әкімшілігінен осы мәселені бақылауға алуды сұраймын.

Түрлі интернет желілері арқылы кәмелетке толмағандарды есірткіні таратуға шақыратын хабарландырулар көбеюде, ата-аналар балаларыңыздың әлеуметтік желідегі іс-әрекеттеріне үнемі бақылау жасап отыруыңызды сұраймын. Себебі мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап көзделген, сот практикасы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір біз «Орал – есірткісіз қала» деп аталатын жаңа жоба бойынша жұмысты бастадық. Бұл жұмысқа барлық мүдделі ұйымдарды жұмылдырдық.  

 ​Құмар ойындарға, әсіресе, жоғары сынып оқушылары әуес болмаңыздар.  

​Бүгінгі бір жиналыста барлық проблеманы айту мүмкін емес.  Сондықтан ата-аналардан және мектеп ұжымынан мұндай жағдайларды байқасаңыз, арнайы жедел желіге бізге хабарласуыңызды сұраймын. Бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, — деді полиция полковнигі Арман Молдиярұлы. Сондай-ақ скутерлерді басқару бойынша заңның күшіне енгенін айтып,  осы көлік түрін қолдануда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде ескертті.

Ал департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов «Жоғары аграрлы-техникалық колледжі» студенттерімен кездесті. Ол сөз арасында жастарға өздерін және мүлкін маусымдық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан қорғау туралы айтып, тәртіп сақшылары тарапынан жүргізіліп жатқан түрлі шаралар мен  полиция жұмысының сервистік моделі қызметтері жөнінде ақпарат беріп, кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді.

Жалпы балалардың қауіпсіздігі — әрқашан басты назарда.

Полиция қызметі Білім күнінде күшейтілген кестеге көшіріліп, барлық оқу ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 539 қызметкер және 120 автокөлік жұмылдырылды.

БҚО ПД баспасөз қызметі
01.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 32
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 110

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313