Балаларға арналған кітапшалар шықты

Балаларға   арналған кітапшалар шықты

 «Жаңа Адамдар» атты жастар қозғалысының белсендісі Мирас Ахметов: «Біздің қозғалыс Жаңа Қазақстанның құндылықтары туралы балаларға арналған боямақ кітапшалар шығарды.  «Қазақстанды бірге салайық» боямақтары балаларға жақсы қасиеттерді ойын түрінде сіңіруге бағытталған. Біз адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді таңдап, оларды басты кейіпкерлер – Арман мен Диананың көмегімен кітапшаларымыздағы балалар суреттерінде көрсеттік. 18 иллюстрация – бұл жаңа Қазақстанның болашақ құрылысшыларына бояуға ұсынылған 18 сюжет. «Қазақстанды бірге салайық» боямағының тұсаукесері 28 қаңтар күні Астанадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында өтті. Оған қатысқан «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» КММ-нің 4-12 жас аралығындағы балалар кітапшаларды алғашқы болып көріп, оларды алғашқы болып бояп көрді. Президент Тоқаев: «Біздің дана халқымызда: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – деген мақал бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие саласы басымдыққа ие болуы керек», – деп айтқан болатын. Біз балаларға арналған жай ғана бояу кітапшасын дайындаған жоқпыз. Ондағы әрбір сурет балалардың нағыз қазақстандық болып өсуіне көмектесетін адами қасиеттер мен құндылықтарды сипаттайды. Балалар бойында патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді. Олар суреттерді бояй отырып, сол құндылықты бойына сіңіріп отырады. Сонымен қатар бұл ата-аналар үшін балаларымен маңызды дүние – еліміздің болашағы туралы сөйлесуге себеп бола алады», – дейді.  

 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 47
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 113
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 53
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 113
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 338
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 337

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19004
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18863
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34028
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32583
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36391