Балаларға арналған тамақтандыру бір ақ адамның қолынан дейді кәсіпкер

Балаларға арналған тамақтандыру бір ақ адамның қолынан дейді кәсіпкер

Меркі ауданы білім бөлімінде “Карабаев” жеке кәсіпкері осыған уақытқа дейін жалғыз өзі монополист болып келген дейді. Бірақ 2022 жылдың 3 ақпан күні Жамбыл облысы Меркі ауданының білім бөлімі №6786407-1 санымен мемлекеттік сатып алу порталында мектептерді аз қамтылған және көпбалалы отбасыларындағы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған болатын. Осы мемлекеттік сатып алуға менің «Дулат» шаруа қожалығымнан бөлек, ЖК «Қарабаев» және ИП «Үміт» болып үш үміткер қатысқан. 25.02.2022 жылы Меркі аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп тапқан. Меркі аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп тоқтатуға үш қатысушының да «Аспазшылары толық емес»- деген негіз көрсеткен. Ал, осы мемлекеттік сатып алуға қатысу барысында«Дулат» шаруа қожалығы мен «Үміт» ЖК тарапынан құжаттар толығымен қамтамасыз етіліп ұсынылған болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан «Қарабаев» ЖК “Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру” бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификаты және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сапа менеджменті жүйесі сертификаты болмаған. Бұл жағдайда ЖК «Қарабаев» жеңімпаз болып таныла алмас еді. Ал бұрынғы жылдары ЖК «Қарабаев» Меркі аудандық білім бөлімінің мектептерінің ыстық тамағымен қамтамасыз етумен айналысып келген, яғни бұрыннан таныс адамдар.

 

 

“Жамбыл облысы Меркі ауданының конкурстық комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол беріп ИП «Үміт» пен «Дулат» шаруа қожалығының құжаттары толық болса да аталған мемлекеттік сатып алуды заңсыз тоқтатып 28.02.2022 жылы №7006821-1 санымен қайта жариялап отыр. Демек, өздерінің ымыраласқан адамдарына осы мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болуға көмек көрсетіп отыр” деген тұжырымға келіп отыр «Дулат» шаруа қожалығының басшысы Ерболат Альменбетов.

 
 

Сонымен қатар, конкурс туралы пікірді конкурстық комиссия төрағасы Қуат Зетқұловтан пікірін білдік. Қуат Зетқұловтың айтуынша Мерке ауданының білім бөлімі 3 ақпанда конкурс жарияланған болатын 25 ақпандағы қорынтындысы қаралып конкурс өткізілмейді деп танылды. Бұл мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер талапынан шағым келтірілуіне байланысты құзырлы органдардың шешімін күтудеміз.

Айта кетерлігі, мемлекеттік сатып алу порталында осы жылы біркөзбен сатып алу бойынша Меркі ауданы білім бөлімі “Карабаев” жеке кәсіпкерімен 47 млн теңгеге келісімшартқа тұрып қойған.

Болып жатқан жәйттардың ары қарай қалай өрбитіні туралы жазып отыратын боламыз.

turaninfo.kz
14.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 89
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 99
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 561
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 509

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9210
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8607
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11833
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9603
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10816