«Барысхан» алқабының қоғамдық көлік қатынайтын көшелеріне асфальт төселеді

«Барысхан» алқабының қоғамдық көлік қатынайтын көшелеріне асфальт төселеді

🔹Қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Барысхан» алқабының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы жұртшылықты көптен бері жол және қоғамдық көлік мәселесі толғандырып келеді. Тұрғындар тілегіне мұқият құлақ түрген шаһар басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
– Биыл «Барысхан» алқабының 25 көшесіне асфальт төсеу мақсатында республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Халықтың сұранысын ескере отырып, биыл жалпы қаржының 100 миллион теңгесіне қоғамдық көлік қатынайтын 2 көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары бірер күнде басталады. Мұндағы автобустар мәселесі де маған жақсы таныс. Ең әуелі көшелерді жөндеп болған соң барып бұл мәселеге кірісеміз, – деген қала әкімі жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
📌Бұдан бөлек жиын барысында су құбырларын ауыстыру, қоқыстарды тазалау, қаңғыбас иттерді азайту сынды өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады.

 

 

Тараз қаласының әкімдігі
06.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 692
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 855
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 832

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19617
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19428
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34553
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33119
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36937