Бас жоспар – қаланың даму болашағын айқындайтын негізгі құжат

Бас жоспар – қаланың даму болашағын айқындайтын негізгі құжат
Тараз қаласының Бас жоспары – шаһардың даму болашағын айқындайтын негізгі құжат болғандықтан демографиялық жағдайдың өзгеруі мен уақыттың ағымына қарай түзетулер енгізу аса маңызды.
Соңғы өткен жалпыұлттық халық санағына сәйкес, Тараз халқының саны 400 мыңнан асқанын ескере отырып, Бас жоспарға біршама өзгерістер енгізіліп отыр.
Қазіргі таңда осы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, қаланың 2040 жылға дейінгі даму стратегиясы айқындалды. Жұмыс жүргізу барысында қала аумағын кеңейту, көлік логистикасы, тұрғын үй қорын дамыту, шаһардың сырт келбетін жақсарту және қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру секілді негізгі бағыттарға басымдық беріліп отыр.
Шаһардың батысында – әуежай, оңтүстігінде – мемлекеттік шекара, солтүстік-батысында өнеркәсіптік аймақтардың орналасуына байланысты, Бас жоспарды дамытудың жалпы тұжырымдамасы солтүстік-шығыс батысқа бағдарланған.
Бүгінгі күні жалпы жобалау жұмыстары аясында қала аумағын заман талабына сай дамыту, қадамдық қолжетімділік қалыптастыру, көркейту, жер және пәтер кезегінде тұрған азаматтарды қамту мақсатында шаһар аумағына Байзақ және Жамбыл ауданына қарасты 14 елдімекен мен 2 саяжайды қосу жоспарлануда. Осының нәтижесінде қала аумағы 18 787,0 гектардан 30 542,0 гектарға дейін ұлғаяды.
Қазір қала халқының саны 405,3 мыңнан асты. Осыған байланысты Бас жоспарда қаланы екі әкімшілік ауданға бөлу ұсынылды. Ол шартты түрде Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын болады.
Жобаланған Бас жоспар шеңберінде есепті мерзімнің соңына қарай 7722,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, оның ішінде 1066,9 мың шаршы метрі жекеменшік тұрғын үйлер. Сондай-ақ Талас өзені жағалауының бойында қалалық жағажай, тұрғындарға қолайлы рекреациялық аймақ орналастыру көзделген. Сонымен қатар, қала аумағы арқылы өтетін 7 каналдың екі жақ бетіне жасыл желекті серуендеу жолдары, демалыс орындары, терренкуралар (денсаулық жолдары) қарастырылған.
Түзетулер енгізу барысында қаланың көлік сызбасы да қайта қарастырылды. Бұған қоса қаланың оңтүстік және солтүстік жағынан аумақтық даму шегі айналма жолмен қоршалады және басқа да жолдармен қиылысатын жерлерде көлік айырбастары ұйымдастырылады. Осылайша шаһар аумағында іскерлік белсенділікті, әлеуметтік кепілдендірілген инфрақұрылымды, стационарлық демалысты, тарихи-мәдени сауықтыру, мәдени-танымдық және спорттық демалысты, туризм мен рекреацияны кеңінен дамыту үшін қолайлы жағдай жасалатын болады.
Бүгінгі күні қаланың Бас жоспары қалалық және облыстық мәслихат депутаттарының талқылауында. Одан әрі аталған құжат Құрылыс жөніндегі комитетте экспертизада қаралып, оң қорытынды үшін тиісті бес министрлікке жолданады. Осыдан кейін ҚР Үкіметі бекіту жөнінде шешім шығарады.
Тараз қаласының әкімдігі
20.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 507
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 464

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769