Баспана бағасын мемлекет монополиясы өсіруде.

Баспана бағасын мемлекет монополиясы өсіруде.

     «Байтерек» ұлттық холдингінің тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару департаменті директоры Олжас Салықов: «Егер ипотека арқылы сұранысты ынталандыратын болсақ, бұл кезде тепе-теңдікті сақтай отырып, тұрғын үй құрылысының ұсынысын ескеру қажет. Қазіргі күні Отбасы банктің шарттары жеңілдетілген өнімдері қайталама нарықтан баспана алуды да несиелендіреді. Менің ойымша, бұл —  қате. Егер мемлекеттік субсидия бар болса, ол жерде жаңа өсім болуы керек. Ал қайталама нарыққа қаржы құю сатушылардың бағаны қымбаттатуына әкеліп отыр. Сондықтан нарықты коммерциялық және мемлекеттік деп нақты бөлу қажет, яғни  мемлекеттік тұрғын үй нарығы жалдамалы және несиелік болуы тиіс. Ал жеңілдетілген несиелердің тек осы сегментте берілгені дұрыс. Ол жабық жүйе болуы керек. Егер адам өзінің қаржылық жағдайын жақсартып алып, коммерциялық тұрғын үй нарығына көшемін десе, онда мемлекеттік пәтерді өзімен алып кетпей, баспана осы жүйедегі келесі адамға қалатын болады. Бұл бағаны ұстап тұруға және қаражат ағымын толық бақылауға мүмкіндік береді. Ал коммерциялық нарық жекеменшік банктердің ипотекасы арқылы бөлек дамуы тиіс. Бұл жердегі басты әңгіме – мемлекеттің жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларын оқшаулауда (стерилизация) болып отыр. Жеңілдетілген шарттар бәріне бірдей емес, тек мұқтаж, әлеуметтік әлжуаз топтарға ғана нақты бағытталуы тиіс»,— дейді.  EXANTE халықаралық брокерлік компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев: «Кезінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіру бойынша үкіметтің жоспарлары болған еді. Қазір оған жол беруге болмайды. Себебі Отбасы банк коммерциялық ортада өмір сүре алмайды. Мемлекеттің ипотекадағы үлесін азайту үшін банктің тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесіндегі монополиясын алып тастау керек. Бірақ акционердің мұндай ұстанымы Отбасы банк басшылығының қазіргі позициясына қарама-қайшы келеді. Бір нәрсе түсінікті, ол —  Ұлттық қорды шексіз сора беру мүмкін емес. Оны акционер де біліп отыр. Бізге бұл мәселені шешудің ең түсінікті және қарапайым әдістері қажет. Тұрғын үй бағдарламаларын оқшаулау — осының бір шешімі. Тоқетерін айтқанда, Отбасы банктің қызметі Ұлттық қор мен мемлекеттік бюджетке тым ауыр тиіп отыр. Бір ғана «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру үшін банк мемлекеттен бес жыл ішінде 310 миллиард теңге алатын болды. Оның ішінде биыл — 70 миллиард теңге, 2022 жылы — 51 миллиард теңге, 2023 жылы — 50 миллиард теңге, 2024 жылы — 58,7 миллиард теңге, ал 2025 жылы — 80 миллиард теңге жұмсалмақ. Осы қаржыға банк орта есеппен 35,5 мың несие бермек. Одан бөлек биылғы жылдың басында Отбасы банк салымшыларына мемлекет есебінен 50 миллиард теңгеден астам премия төленгенін ұмытпауымыз керек. Үкімет үшін Отбасы банктің тым қымбат түсіп жатқаны байқалады. Бірақ оның қазіргі әлеуметтік жүктемесін ескерсек, мұндай банкті ешбір инвестордың сатып алмайтыны түсінікті. Ал мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қаншаға дейін шыдайды? Басты мәселе осыда»,— деген пікірде.

 

Ермек Сахариев
22.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 113
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 126
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 217
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 217
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 585
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 528

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9234
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8630
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11856
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9626
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10839