Бата алғанның бағы бар

Бата алғанның бағы бар

Сан ғасырдан салт-дәстүрін берік сақтаған қазақ халқында бата дейтін бағалы дүние бар. Батаның түрі көп. Оны екінің бірі бере бермеген. Себебі, бата ең әуелі – дұға. Сондықтан, қабыл болады деген тілекпен қариялардан, сөзі мен амалы тура, ақ сөйлейтін адамдардан бата алу үрдісі бар.

Бүгінгі таңда той-жиындар бұрынғының жолымен үлкендердің батасымен басталады. Алайда, кейде батаны тостпен шатастырып алатын қарияларды көргенде көңілге қаяу түсетіні ақиқат. Мұны дер кезінде түзеп, өскелең ұрпаққа насихаттағанымыз абзал.

Осындай олқылықтардың орнын толтыратын шаралар қажет-ақ. Солардың бірі батагөй қариялар арасындағы «Ақ бата» атты аудандық байқауы. Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен байқауға барлығы 14 қария қатысуға тілек білдірген.

Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде 14 қарт 3 минут ішінде өздерін таныстырып өтсе, келесі кезеңде билетте көрсетілген 5 түрлі тақырыпта бата беру бойынша бақ сынады. Қатысушы қарияларды 5 адамнан тұратын қазылар алқасы бағалап отырды. Олардың қатарында күйші- композитор, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ә.Желдібаев, Шу ауданының Құрметті азаматтары Т.Омбаев пен Д.Байбатшаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Өмірәлиев пен айтыскер ақын Ғ.Есдәулетов бар.

Алғашқы кезеңде ең жоғары ұпай жинаған үш ақсақал ақтық сайыста 22 тақырып бойынша бата берді. Байқау нәтижесінде облыстық батагөйлер жарысынан қара үзіп жүрген Оразалы батыр ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жайлаубек Қалиев бас жүлдені қанжығасына байлады. Сондай- ақ, І орынды Көкқайнар ауылынан келген Болатбек Маралбаев, ІІ орынды қонаевтық қария Каналбек Оңласынов пен қаламды серік еткен Бейқұт Қалымбетов алса, ІІІ орын үш көнекөзге бұйырды. Олар шулық Қамбар Қыздарбаев, ақсулық Оңлахан Сырлыбаев және жаңажолдық Аюб Серкебаевтар.

– Бүгін біздің қоғамға қажетті, жас буынға ерекше керек шара өткізілді. Мұндағы мақсат – салт-дәстүріміздегі бата беру дәстүрін жаңғыртып, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Біз байқаудың өтуіне көмек көрсеткен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, сондай-ақ, қаржылай көмек көрсеткен меценат Назымхан Әбітаевқа алғыс білдіреміз. Осы мәндегі шаралар алдағы уақытта жалғасады деп сенеміз, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Көрікбайұлы.

 

Байжан ЕМБЕРДІ, журналист. Шу ауданы
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 381
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 964

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646