Баталы елге бақ қонады

Баталы елге бақ қонады

Іс-шараға елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тәжірибелі дипломат, осы ауданның тумасы Зауытбек Тұрысбеков қатысып, байқаудың беделін биіктетті. Аудан тұрғындары мен замандас жерлестеріне жігерлі сөзін арнаған Зауытбек Тұрысбекұлы бата беру дәстүрі  ұлтымыздың киесіне баланғанын айтты. Дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақты баталы тілек қана біріктіретінін тебірене жеткізді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметін айта отырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ қауымының тарихи ерекшеліктері, қадір-қасиеті жөнінде қызықты деректер келтірді. 

«Қазақта «үлкен тұрғанда кіші сөйлегеннен без» деген сөз бар. Бәріміз жас болдық, ақсақалдардың ақылын тыңдап, тәрбиесін алдық. Жастар – жаңашылдықтың жаршысы. Осынысымен жастар  бізден бір батпан артық! Қасиетті Түлкібас жерінен Тұрар Рысқұлов шықты. Батыр Бауыржан Момышұлы «Азаттықта» еңбек етті. Шер-ағаның да туған жері – осы аймақ. Солардың ізін жалғайтын ұрпақ көптеп шықсын!» – деген тілегін жеткізді.

Байқаудың қалай, қандай дәрежеде өткені жайлы бізге «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі былай деп баяндап берді: «Байқаудың ашылу рәсімінде сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев Мемлекет басшысы ұлт сапасын жақсартуда бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруды тапсырғанын айтты. Жұртымыздың басын қосатын, ортақ мақсатқа ұйыстыратын қоғамдық құндылықтардың өзегі біздің мәдениетімізден, салт-санамыздан басталатынын жеткізді.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деп білетін ұлтымыз үшін аға ұрпақтың жастарға ақыл айтуы, өнеге беруі, жол сілтеуі – тағылымды дәстүр. «AMANAT» партиясы халқымыздың ізгілікке шақыратын дәстүрлерін үнемі қолдап, жалғастыратын болады», – деп атап көрсетті. 

Тұрар Рысқұлов ауылындағы Мәдениет үйіне жиналған жұртшылықтың қарасы көп болды, зал көрермендерге лық толды. Тәлімді тәрбиені арқау еткен іс-шараға аудандағы 15 ауылдық округ пен кенттік әкімдіктер үлес қосып, олардың әрқайсысы өз үміткерлерін халықтық өнер дәстүрінің додасына қатыстырды. Осылайша, партия бастамашыл болған іс-шара ауданда жалпыхалықтық жобаға айналып, көрермендер қиқу салған, қолдаушылары көп болған, өнер өрнегі өзгеше іс-шара болды.

Байқауға қатысушы 16 қария өнер додасының ережесі бойынша екі тапсырманы орындап шықты. Оның біріншісі – «Ел бірлігін арттыру – аманат мұраты» тақырыбына арналып, қариялар берекелі бірлік пен ырысты ынтымақты арттыруға шақырған ізгі тілектерін арнады, партияның халықты жұмылдырудағы беделін айшықтап берді. Еркін тақырыптағы бата-тілектерін жаудырған қариялар жастарға тәлімді сөзін арнап, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты тағылымды тілектерін жеткізді.

Партиямыздың байырғы мүшесі, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Сауранбек Таңатбаев бастаған қазылар алқасына ақжарма тілектері бірінен-бірі асып түскен ақсақалдардың ішінен байқау жеңімпазын анықтау оңайға түспеді. Үміткерлердің бәрі шартты орындады, ешқайсысы мүлт кеткен жоқ. Дегенмен, ақ жауындай жауған тілектердің ішінен ең маңыздысын, ең көркемін, ең өрнектісі мен көрнектісін анықтаған қазылар алқасының шешімімен партия филиалының атқарушы хатшысы Ержан Жүнісовтің Алғыс хатымен Арыс ауылдық округінен Игілік Өсеров, Кемербастау ауылдық округінен Қодарбек Райымбердиев, Майлыкент ауылдық округінен  Тұрғымбек Бердібеков, Састөбе кентінен Бағысбай Абдиев, Жабағылы ауылдық округінен Нұрмахан Төлепбергенов марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Жаскешу ауылдық округінен Арапбай Тойшиев, Тастұмсық ауылдық округінен Орынбек Бейсенбаев, Келтемашат ауылдық округінен Салкен Аманов, Рысқұлов ауылдық округінен Тілеуқұл Елсейітов арнайы номинацияларға ие болды. Оларға сыйлықты байқаудың қазылар алқасының төрағасы Сауранбек Таңатбаев табыстады.

Ақбиік ауылдық округінен Қуатбек Байбатша, Балықты ауылдық округінен Есболған Усеев, Машат ауылдық округінен Уәлихан Жолдасов үшінші орынға ие болып, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Қалаубек Анашевтың қолынан жүлде алды. 

Шақпақ ауылдық округінен Мейірбек Өмірқұлов, Майлыкент ауылдық округінен Аманбай Абдалимов екінші орынға лайық деп танылып, жүлделерді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай табыстады. Байқаудың бірінші орын иегері Түлкібас кентінен келіп қатысқан Ермахан Дәулетовке жүлделі сыйлығын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев табыстаса, бас жүлде иегері – Мичурин ауылдық округінің ақсақалы Жарылқап Бекжановқа арнайы тағайындалған сыйлықты мемлекет және қоғам қайраткері Зауытбек Тұрысбеков табыстап, шын ықыласты құттықтауын жеткізді».

Айта кету керек, салт-санамыздың мерейін асырған, дәстүрімізді ұлықтаған осы мазмұндағы іс-шаралар өңіріміздің барлық аудан, қалаларында өткізіліп, отандастарымызды ортақ мақсат аясына біріктіретін болады.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 61
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 49
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 138
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 121
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 534
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 504
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 523
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 520
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 514
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 531
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9139
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12376
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10142
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11352