Батыр баба рухына тағзым

Батыр баба рухына тағзым
Қазақ батыры қашан да қазақ жерінің қорғаушысы ғана емес, елдік пен рухтың жанашырлары да бола білген. «Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті»
 
Халқымызда «Бір адамның батылдығы мың адамға жол салған, бір адамның батырлығы тұтас халықтың атын шығарған» деген дана сөз бар. Бұл сөзді Бауыржан Момышұлы сынды бабаларымызға арнап айтуға болады. Ал олардың арман мүддесі бүгінгі таңда орындалып отыр деп дәлелдеді.
 
1941 жылы батыстан төнген алапат қауіп талай боздақтың,балғын,бағлан азаматтардың өмірін қыршынан қиды. Қаптаған қауіп тұманның ішінде қол ұстасып бірге жүрген кещегі қанды көйлек майдандастардың бұл күнде қатары сиреген. Бірақ кейінгі ұрпақ,яғни,біз екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған батырлардың ерлігін еш ұмыт қалдырмаймыз.
 
Бауыржан Момышұлы – екінші дүние жүзілік соғыста талай қауіпті де маңызды операцияларды өткізіп,  ұрыстарының негізгі бөлігін жеңіспен аяқтаған даңқты қолбасшы. Бейбітшілік  жылдары халық қаһарманы қолына қалам алып, соғыс тақырыбында талай туындыларды өмірге әкелді.Майдандастарының отан қорғаудағы ерліктерін халыққа жеткізді. 
 
Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары – патриоттық өсиет. Бауыржан Момышұлының өнегелігі сол, ол – елі мен туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта оны жан аямай қорғаған және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер.
 
Бауыржан Момышұлы өмір сүрген заман айқас пен шайқасқа толы дүрбелең еді. Ұлы Отан соғысы тап болды. Соғыс – елдік пен ерлікке сын. Бауыржан халқының ерлік, адамгершілік, әділдік рухымен өзі де қаруланды, сарбаздарын да сол рухқа шақырды. Оның адалдығы азаматтығымен ұштасып жатты.
 
«Ар, намыс, адамгершілік, ақ ниет, адалдық – алдымызда темір қазықтай жарқырап, шөлдегенде сусын, қалжырағанда қайрат, шаршағанда шабыт, ашыққанда арымызға ақ малтадай азық, белімізге тірек, көңілімізге қорек, болдырғанда ұстап мінген төл атымыздай болды,» – деп жазды батыр-жазушы. 
 
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы өңірге жұмыс сапары барысында Бауыржан Момышұлы атамыздың мұражайына арнайы барды.
 

Батыр атамыздың мұражайына барып, оның өміріне байланысты көптеген жәдігерлерді көзбен көріп,үлкен әсер алдық. Бауыржан атамыздың «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген сөзін үнемі жадымызда сақтап,тәуелсіз Қазақстанымызды гүлдену үшін ұрпақтарымызға жақсы білім беріп,болашақта ұлтжанды азамат етуге ұмтыламыз.

Ұлы Жеңіске үлес қосқан батыр атамыздың өмірінен тағылым алып, «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» дегендей,Б.Момышұлы атамыздың мұражайына танымдық саяхат  жасадық десек те болады.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
19.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕРГЕНІ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 22
«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.04.2024 29
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 17
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 19

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 939
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7008
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10851
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7074
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7214