24 желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының туғанына - 112 жыл толады.

Батыр Бауыржан Момышұлы өшпес ерлігімен, азаматтық дара қалпымен, ұлтжандылығымен, намыстылығымен халқымыздың орынды мақтанышына айналған ұлы тұлға. Оның есімі ерлік пен өрліктің символы ретінде халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
