Батыс Қазақстан: Адамдарды эвакуациялау жалғасуда

Батыс Қазақстан: Адамдарды  эвакуациялау жалғасуда

Тасқын судың салдарынан төтенше жағдай жарияланған Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті шегінен асып кетіп, тұрғындарды біраз әбігерге салды.

Күні кеше Орал қаласының іргесіндегі саяжайларда 13 мыңнан астам үй су құрсауында қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің 23 сәуірдегі мәліметі бойынша, 13912 адам қауіпсіз орындарға көшірілген. Он төрт эвакуациялық пунктке екі мыңнан астам адам орналастырылған. 11 мыңнан астам тұрғын өздерінің туған-туысқандарының үйін паналауда. Сонымен қатар суға кеткен саяжайлардағы үй жануарлары да қауіптен құтқарылуда. Мұндай ауқымды жұмыстарға төтеншеліктер, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер жұмылдырылғанын атап өткен жөн. Бір қуантарлығы, адам шығыны жоқ. Алайда, қыруар еңбектеніп, бар қаржыларын жұмсап тұрғызған баспаналары су астында қалған тұрғындардың көңілдеріне қаяу түскенін жасыра алмаймыз. Олармен түсінік жұмыстары жүргізілуде.

«Қазсушар» мекемесінің облыстағы филиалы берген мәліметке сүйенсек, аталған мекеменің су қоймаларына орташа толтырылуы 86%-ды немесе 435,0 млн текше метрді құрайтын су жинақталған. Су тасқыны басталғалы батыс жұртын екпінімен үрейлендірген Жайық өзеніндегі су деңгейі жалпы 7 метрге көтерілген. «Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналуда, көлдерге, көлтабандар мен табиғи шабындықтарға су берілуде. Бүгінгі күнге Шаған және Деркөл өзендерінде орналасқан су бекеттерінен түскен тасқындық ағын шамамен 387,0 млн м3 құрайды. Пайдалану ережесіне сәйкес, Шаған су қоймасының су тастағыш имараты 2023 жылдың күзінен бастап толық ашық. Филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты» делінген филиал ұсынған хабарламада.

Күні бүгінде тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасуда, адамдарды эвакуациялау, авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Өзен арналарына құм-топырақ салынған қапшықтар төсеу, бөгеттер салу, су басқан аумақтарда су айдау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Облыстағы ахуал тұрақты-күрделі деңгейде, жағдай әлі қатаң бақылауда. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

 

26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 55
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 52
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 58
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 36
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 25

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1285
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7330
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11198
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7387
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7537