Баянауылдық робототехниктер халықаралық фестивальде үздік атанды

Баянауылдық робототехниктер халықаралық фестивальде үздік атанды
Қарағандыда «RoboLand-2025» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың X Халықаралық мерейтойлық фестивалі өтті. Оған Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Болгария, Иран, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 362 командадан тұратын 750 оқушы қатысты. Павлодар облысының намысын 16 команда қорғады.
Фестиваль 17 номинация бойынша өткізілді.
«Теңге алу» номинациясында Баянауыл ауданының Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары – «JanaJol-1» командасының мүшелері Хамза Төлебай және Марал Нұрислам алтын медальдар мен бірінші дәрежелі дипломдардың иегерлері атанды.
«Қос теннис» номинациясы бойынша екінші дәрежелі күміс медальдар мен дипломдарды «Janajol-4» командасының мүшелері, Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Қасиет Баян және Ислам Қасиет алды.
«Садақ ату» номинациясы бойынша «JanaJol-2» командасы қола жүлдегер атанды. Оның құрамына баянауылдық оқушылар – Назымхан Ернар, Мұрат Нұрғиса кірді. «Үлкен саяхат» номинациясы бойынша үшінші орынды Баянауыл ауданының Ш.Шөкин атындағы №2 орта мектебінің оқушысы Бауыржан Камен иеленді.
Балаларды Данияр мен Асқар Аюпов атты педагогтар дайындады.
Сарысу Ауданы Экономика Бөлімі
03.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 284
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 279
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 294
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 427

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13355
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13331
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28445
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27129
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30631