Бердібек Машбекұлы мықты менеджер, Жамбылда қыруар жұмыстар атқарды

Бердібек Машбекұлы мықты менеджер, Жамбылда қыруар жұмыстар атқарды
Қордай қақтығысынан кейін өңірге Үкіметтік комиссияны басқарып келіп, кейіннен облыстың екі тізгін, бір шылбырын қолына алған Бердібек Сапарбаев жамбыл облысы әкімі лауазымынан босатылды..
Шыны керек бұл қызметке дейін 4 өңірді, 2 министрлікті басқарып, 2 рет Премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Машбекұлы мол тәжірибесі, мықты менеджерлік қабілетінің арқасында қыруар жұмыстар атқарды. Оның Үкімет мүшелерінің арасындағы кризис-менеджер деп танылған қыры «Қордай дауын» шешіп, тұтас өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын реттеуде іс жүзінде сыналды.
 
Расында Жамбыл облысы әкімі қызметінде Бердібек Машбекұлы тосыла қоймайды. Әсіресе үлкен даудың «қызыл нүктесіне» айналған Қордай ауданындағы өзекті әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға көп күш жұмсады.
Тек 2020 жылдың өзінде қордайлықтардың көкейінде жүрген маңызды жобаларды жүзеге асыруға 35 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Одан бөлек ауыл шаруашылығы саласы аграрлы аймақ экономикасының жаңа драйверіне айналдыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы аралық егіс алқабы 30,3 мың гектарға ұлғайды. 114 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мұнан бөлек облыс әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылған «Жомарт түлек», «Асар», «Таразға тарту» жобалары да жемісті болды.
Мәселен «Жомарт түлек» жобасына 157 мың түлек атсалысып, олардың демеушілігімен жалпы сомасы 8,8 миллиард теңге болатын 393 инвестициялық жоба іске асты.
Ал , «Таразға тарту» жобасы аясында 47 нысан салынып, 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл іске бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шегінде облыстағы ірі және орта кәсіпорындар 12,7 миллиард теңге қаржы бөлді.
Өңірдегі ауыл-аймақты түгел қамтыған «Асар» жобасымен өткен жылы 75 үй пайдалануға берілді. Жоба нәтижесінде 200-ден астам жамбылдық баспаналы болды.
Сайып келгенде облыстан шыққан танымал азаматтарды, қалталы бизнесмендерді, қарапайым ауыл тұрғындарын игілігі мол шараға атсалысуға шақыру оңай емес.
Алайда мұның барлығында Бердібек Машбекұлының абырой-беделі шешуші рөлге ие болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 5 өңірді басқарған Бердібек Сапарбаев Мәшбекұлына сәттілік тілеймін!
Біржан Сартбек
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 495

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807